You are here

Ақпараттық-талдау орталығының қызметкерлері ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Назарбаеваның қатысуымен өткен ҚР БҒМ кеңейтілген алқа отырысына қатысты

Printer-friendly versionPDF version

 

ҚР БҒМ қызметінің 2015ж. қорытындылары мен 2016ж. жоспарлары мен міндеттері, халықаралық рейтингте отандық білім беру жүйесінің көрсеткіштері, сондай-ақ мектепке дейінгі, орта, техникалық, жоғары білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау және жастар саясаты салалары бойынша реформалар нәтижелері Алқа отырысының басты тақырыптары болды.

Д.Назарбаева Қазақстанның ҰБТ жүйесін икемді етіп, жетілдіруді ұсынды, ҚР білім беру жүйесіне ақпараттандыруды, мектептер мен кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінде жан басына қаржыландыру жүйесін енгізуге шақырдықазақстандық балалар кем дегенде үш тілді - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі керек екенін айтты, ал бұл үшін мектептерде жедел қарқынмен үш тілді оқытуды енгізу керектігін атап өтті.

Алқа отырысы шеңберінде көрме ұйымдастырылды, онда АТО қызметкерлері ҚР білім саласындағы статистикалық мәліметтерді қамтыған «2015-2016жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіби білім берудің негізгі көрсеткіштерін" ұсынды.