You are here

Ақпараттық-талдау орталығының сарапшылары БҰҰ-ның жұмыс тобы құрамында Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттары бойынша стратегиялық басым бағыттарын талқылады.

Printer-friendly versionPDF version

 

2019 жылғы 15-16 қазан аралығында Нұр Сұлтан қаласында Қазақстандағы тұрақты даму үшін БҰҰ ынтымақтастық шеңберін стратегиялық жоспарлау (Strategic Prioritisation Retreat, SPR) бойынша кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты Қазақстандағы БҰҰ-ның алдағы бес жылға арналған басым бағыттарын талқылау және келісу болды. Жұмыс тобы азаматтық қоғамның, қоғамдық сектордың және халықаралық ұйымдардың 100-ден астам қатысушыларын жинады.

Өзінің құттықтау сөзінде БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура мырза бұл кездесудің елдегі басым мәселелер жайында неғұрлым толық және сенімді ақпарат жинаудағы зор маңызын атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар үш жұмыс тобына бөлінді: «Адамдар», «Бейбітшілік», «Серіктестік және менеджмент». Әр топ Қазақстандағы тұрақты дамудың әртүрлі бағыттарын және мәселелерін атап өтті. Солайша, әр топ Қазақстандағы 2021-2025 жылдарға арналған тұрақты даму мақсаттарына жету бағытында атқарылуға тиісті міндеттерді анықтады.

Адамдар тобының құрамында еліміздегі білім берудің негізгі мәселелерін атап өту және назарға алу мақсатында кездесуге Ақпараттық-талдау орталығы тарапынан келесі сарапшылар қатысты: Президенттің орынбасары Атанаева Мираим Қажмұхамбетовна, Талдау, мониторинг және бағалау департаменті директорының орынбасары Ахметжанова Аида және Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің жоба менеджері Зуева Айгерим қатысты.

Аталған кездесу Қазақстанның түрлі салаларында қызмет ететін сарапшылардың барлығын жинап, әркімнің көзқарасын назарға алған бірден-бір алаң болуымен ерекшеленеді. Талқылау нәтижесінде қабылданған қатысушылардың тұжырымдары Қазақстандағы БҰҰ-ның 2021-2025 жылдарға арналған Даму саласындағы ынтымақтастық стратегиясының негізін құрайды.