You are here

Ақпараттық-талдау орталығының жобалау тобы дайындаған байқау кеңесі мүшелерінің оқытуы аяқталды

Printer-friendly versionPDF version

 

Ақпараттық-талдау орталығының жобалау тобы еліміздің 30 ЖОО-ның байқау кеңесі хатшылары мен мүшелеріне арналған оқытуды аяқтады. Жалпы алғанда Астана, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Өскемен қалаларында 6 семинар өткізілді. Оқытуды өткізу байқау кеңесі өкілеттігінің кеңеюі мен оның мүшелерінің кәсіби құзыреттіктерін дамыту қажеттілігінің артуынан туындап отыр. Сол себепті семинар қатысушылары – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар, бизнес, ғылыми орталықтар мен мектеп өкілдері – стратегиялық және қаржы менеджментінің негіздері бойынша оқытудан өтті.

Оқыту бағдарламасын байқау кеңесінің ағымдағы қызметінің өзекті мәліметтері мен жағдайына негізделе отырып Стивен Хейген мен Нұрлан Уразбаев дайындады.

Профессор Стивен Хейген – Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика (АҚМО) ұлттық ғылыми университетінің «5-100» бағдарламасының аясында (РФ-тың 5 ЖОО-ның үздік 100 рейтингке кіру бағдарламасы) шақырылған ең үздік шетел сарапшыларының бірі. Профессордың және шетел мамандарынан құралған топтың арқасында рейтингте ешқандай орын алмаған университет, қысқа уақыттың ішінде Times Higher Education рейтингінде 350 үздік университеттің  қатарына қосылды.

Нурлан Уразбаев – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің стратегиялық дамыту және қаржы жөніндегі проректоры. Қазіргі уақытта, Нурлан Уразбаев, Қазақстандық ЖОО-ның коммерциялық емес акционерлік ұйымдарына көшу жөніндегі жұмыс тобының құрамына кіреді.