You are here

«Ақпараттық- талдау орталығы» АҚ «Инновациялық саясатқа шолу» жобасының үйлестірушісі

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылы 17 шілдеде «Ақпараттық- талдау орталығы» АҚ «Инновациялық саясатқа шолу» жобасының үйлестірушісі отандық ғылым мен білімдегі ағымдағы жағдайды, сондай-ақ ЭЫДҰ негізгі баяндамасын дайындау үшін Қазақстанда коммерцияландыру институттарының дамуын бірлесіп талқылау үшін, негізгі ұлттық жоғары оқу орындары мен коммерцияландыру институттарының сарапшыларының басын қосты. Бұл баяндаманың негізінде, Астана үш күндік сапармен келген ЭЫДҰ өкілдері ұлттық инновациялық жүйеге кешенді талдау дайындайды. Онда жүйенің функционалдығы мен оны жетілдіру жолдары көрсетіледі. Бұған дейін ЭЫДҰ Қытайдың және бірқатар латынамерикалық елдердің, Ресей Федерациясының, Швеция мен Малайзияның инновациялық саясаттарына шолу жасағанын айта кетейік, келесі жоба бұл Қазақстан. 2015 жылдың аяғына дейін қазақстандық жақ ЭЫДҰ- на табыстау үшін негізгі баяндаманы даярлайды. Оның негізінде ЭЫДҰ сарапшылары бірқатар ұсыныстар жасап шығарулары тиіс.

ЭЫДҰ Инновациялар және технологиялар бойынша директораттың өкілі Гернот Хученрайтер айтқандай, бұл білім және тәжірибемен, сондай-ақ оның қатысушылары алмасатын озық тәжірибелермен алмасу үшін платформа. Оның айтуынша, диалогқа дайындық және ашықтық жас әсер туғызады және жалпы елдік жағдайды бағалау үшін өте маңызды құзыреттілікті көрсетеді. Оның үстіне, Гернот Хученрайтер қатысушыларға ЭЫДҰ жобасының шеңберінде қазақстандық коммерцияландыру институттарын дамыту үшін қосымша баламалы шолу даярлайтыны туралы хабарландырды.

Дөңгелек үстел қатысушылары айтқандай, инновациялық саясатты дамыту шешуші сәт болып табылады, онда маңызды бөлікті мемлекеттің, үкіметтің және елдің заңнама базасының рөлі атқарады. Талқылау барысында тараптар заманауи әлемде ел дамуына инновация арқылы қол жетілетіні туралы пікірге келді. Сұрақтар мен мәселелерді талқылауға өтіп, Ұлттық ғылыми- техникалық сараптама орталығының сарапшысы Елена Шевченко министрліктер мен агенттіктердің, бизнес пен ғылымның арасындағы байланыс пен өзара әрекеттесудің жоқтығын айтты. Оның ойынша, осының салдарынан қазақстандық ғалымдар жиі өздерінің әзірлемелерінен пайда көре алмайды.

Сарапшы Мұрат Сартбаев керісінше, отандық ғылыми жобалар сапасының арту әлеуетін байқаған. Оның сөздерінше, адамзат ресурсының болуы мен олардың жоғары кәсіби еңбегін бағалау маңызды.

Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті коммерцияландыру институтының бас маманы Малик Кокарев, жоғары деңгейде шешілетін институционалдық кедергілерді белгіледі.

Дөңгелес үстелдің жұмысына Назарбаев Университетінің, ғылыми- техникалық сараптама орталығының, Еуразия Ұлттық университеті мен Қазақ агротехникалық университетінің, Ұлттық технологиялық даму агенттінің, Технологияларды коммерцияландыру орталығының, Агротехнологиялар трансферті және и коммерцияландыру орталығының, «Парасат» ғылыми- техникалық орталығының, «Парасат» тәуекелдік инвестициялау Акционерлік инвестициялық қорының, Қазақ индустрияны дамыту институтының, Тұңғыш Президенттің- Елбасының Кітапханасы жанындағы Назарбаев орталығының, «Ұлттық ғылыми- техникалық ақпарат Орталығы» акционерлік қоғамының сарапшылары қатысты.

Алдын ала кездесуді қорытындылай отыра, «Ақпараттық- талдау орталығы» АҚ вице-президенті Марат Камзолдаев кездесу қатысушыларына ЭЫДҰ- да негізгі баяндаманы дайындау үшін ынтымақтастық туралы меморандум жасауды ұсынды. Оның айтуынша, «Инновациялық саясатқа шолу» жобасы «үштік серіппені» - мемлекетті, ғылым/білім мен бизнесді байланыстыру үшін іске асырылады. Одан басқа, ол жас ғалым-стартаперлердің ойлары нақты талап етілетін өнімге ұласуын тіледі.