You are here

АКТ дамыту жағдайындағы қазіргі заманғы білім беру жүйесі

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 25 қарашада "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ Ақмола облысы Білім басқармасының "АКТ дамыту жағдайындағы қазіргі заманғы білім беру жүйесі" атты тақырыпта өткен семинар-отырыстың жұмысына қатысты. 

Семинар қатысушыларына әлем елдері бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингтерінде пайдаланылатын білім беру жүйесінің халықаралық көрсеткіштері туралы ақпарат ұсынылды (Дүниежүзілік экономикалық форум – Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі, БҰҰДБ - Адами даму индексі, ЮНЕСКО – Білім беруді дамыту индексі).

Сонымен қатар, Ақмола облысы білім беру ұйымдарының Ұлттық білім беру деректер қорын толтырудың қорытындылары да ұсынылды (2016 жылғы қыркүйек -  қараша).

Кundelik.kz ААЖ және BilimLand білім беру порталы жобаларының басшылары да семинар жұмысына қатысты.

Семинар қатысушылары – облыстың аудандық/қалалық білім бөлімдерінің жетекшілері, колледждердің жәгн облыстық білім беру ұйымдарының директорлары.