You are here

Астана қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кәсіптік бағдар беру үшін кездесу

Printer-friendly versionPDF version

 

Болашақ мамандықты таңдау — бұл әр жасөспірім бастан кешетін кезең. Бұндай сәттерде ересектермен ақылдасу, білім берудегі ықтимал мүмкіндіктер туралы білу мүмкіндігінің болуы маңызды. 

19 қаңтарда "АТО" АҚ Астана қаласындағы балалар үйінен қонақтарды қарсы алды. Қызметкерлер балалармен жоғары білімді алудың маңызы туралы сөйлесті, балаларды мектепте ойлана оқуына және шетел тілдерін үйренуге, шығармашылық дағдыларды дамытуға арналған қосымша сабақтарға баруға ынталандырды. Балаларға еліміздің барлық оқушылары туралы деректер жиналған Ұлттық білім беру деректер қоры туралы білу қызық болды.

"АТО" АҚ Президенті С.Ә.Ырсалиев әңгіме барысында білім беру саласындағы өзінің жұмыс тәжірибесі туралы айтып берді, қазіргі таңда әр бала үшін сапала жоғары білімді алудың маңызды екенін еске салды. Естелік ретінде балаларға әлемнің әртүрлі елдерінен кәдесыйлар табысталды.

Балалармен әңгіме бейресми түрде өтті, кездесудің соңында қызметкерлер әртүрлі тілдерде бірнеше әнді орындап, балаларға  таланттарын көрсетті.

Білім беру саласында істей отырып, біздің барлық күш-жігеріміздің басты жолданым иесі - бұл бала, әсіресе балалар үйінің тәрбиеленушісі екенін естен шығармау өте маңызды.