You are here

Астанада жаратылыстану және математикалық деңгейін бағалайтын TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі тақырыбында республикалық оқу семинары өтті

Printer-friendly versionPDF version

2019 жылдың 11 ақпанында Астана қаласындағы №76 мектебінің базасында облыстық және мектеп үйлестірушілері үшін, сондай-ақ TIMSS-2019 тест өткізуші тұлғалар үшін республикалық оқу семинары өткізілді.

Семинарға 14 облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім беру бөлімдерінің өкілдері және 176 іріктелген мектептер қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 306 адамды құрады.

Семинардағы қатысушылар TIMSS-2019 өткізу технологиясымен таныстырылды және нұсқаулық материалдарымен қамтамасыз етілді.

Семинардың пленарлық бөлігінде семинарға қатысушылардың алдында «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президентінің орынбасары М.Аманғазы және Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің директоры Е.Сабырұлы сөз сөйледі. Сонымен қатар, Алматы қаласы Құсайынова Р.Т.) және Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының өкілдері (Қозыбаева Б.Ж.) TIMSS-2019 халықаралық зерттеуіне дайындық бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар секциялық форматта қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Семинарды қазақ тілінде Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті директорының орынбасары А.Байгулова, орыс тілінде - бас талдаушы Б.Картпаев өткізді. Семинардың практикалық бөлігінде қатысушылар TIMSS-2019 халықаралық зерттеу рәсімі мен құралдарымен таныстырылды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.