You are here

«АТО» АҚ "Мектепке апарар жол" жылдық акциясына қатысты

Printer-friendly versionPDF version

 

Ақпараттық-талдау орталығы қолдайтын "Мейірімділік-М" Қайырымдылық ұйымы" Қоғамдық қоры "Мектепке апарар жол" акциясы шеңберінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобынан шыққан 101 баланы жаңа оқу жылына дайындады.  

Акция шеңберінде "АТО" АҚ қызметкерлері күнделіктер, сурет салуға арналған альбомдар, дәптерлер, түрлі түсті қарындаштар, бояулар және т.б. сияқты оқушыларға қажетті құралдарды сатып алып, қайырымдылық ұйымының өкілдеріне табыстады.  

«Бақытты балалық шақ!» ұранымен мектепке арналған құралдар халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобынан шыққан балаларға қайырымдылық қорының басшысы Сейілова Әйгүл Омурқызы және "Нұр Отан" партиясы Есіл филиалының төрағасы Сейітов Ахмет Мағзұмұлы табыстады.

Мұқтаж отбасылардан шыққан балаларды қолдау "АТО" АҚ қайырымдылық қызметінің дәстүрлі бағыты болып табылады.