You are here

"АТО" АҚ Республикалық семинарға қатысты

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылға 25 маусымда "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы" РМҚК ұйымдастырған Республикалық семинарға қатысты. 

Семинарда Ұлттық білім беру мәліметтер базасы (ҰБМБ) ақпараттық жүйесіндегі қосымша білімнің статистикалық мәліметтерін қалыптастыру мәселелері талқыланды. 

Облыстық, Астана және Алматы ққ. Білім басқармаларының мамандарына статистикалық ақпаратты қайталап жинауды болдырмау және ҰБМБ-ға қосымша білім көрсеткіштерін интеграциялау жөнінде бірлесіп атқарылған жұмыстың қорытындылары ұсынылды. 

"Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы" РМҚК алғыс хатымен "АТО" АҚ Білім беру статистикасы департаментінің менеджері Айдана Қапсалықова марапатталды.