You are here

АТО қызметкерлері Сорос Қазақстан Қорының жобасына қатысу үшін екі деңгейлік конкурстық іріктемеден сәтті өтті

Printer-friendly versionPDF version

 

Төртінші жыл қатарынан Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) International Center for Policy Advocacy (ICPA, Германия) серіктесіп, Қазақстандық жас зерттеушілерге арналған жобаны іске асырып келеді. СҚҚ осы жобасының мақсаты Қазақстан үшін өзекті қоғамдық саясат мәселелері бойынша талдамалы құжаттарды кейінгі әзірлеумен оқыту семинарларына қатысу арқылы жас зерттеушілердің әлеуетін арттыру болып табылады.

Жобаның шеңберінде оның қатысушылары алған білімін талдамалы құжаттарды әзірлеу үшін пайдалану мақсатында саяси-басқару талдама, талдамалы мәтіндерді, мақалаларды және көрнекі деректерді жазу (policy analysis and writing),  сонымен қатар зерттеудің нәтижелерін ілгерілеу бойынша тренингтер топтамасынан өтеді.

"Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ қызметкерлері - бағдарламалық құжаттар мониторингі департаментінің директоры Елдар Төлеков, бағдарламалық құжаттар мониторингі департаменті директорының орынбасары Тимур Бұлдыбаев, бағдарламалық құжаттар мониторингі департаментінің менеджері Қарабаев Алихан және мектепке дейінгі және орта білім департаментінің менеджері Әйгерім Көпеева жобаға қатысу үшін екі деңгейлік конкурстық іріктемеден сәтті өтті. Жұмыс жоспарына сәйкес, АТО қызметкерлері кейінгі 4 семинарға қатысуы, сонымен қатар бекітілген тақырыптар бойынша зерттеулер өткізуі тиіс. Талдамалы мәтіндерді жазу бойынша жақын арадағы семинар Алматы қаласында шілдеде өтеді. 

Сәттілік тілейміз!