You are here

бейінді магистратура түлектерінің индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ) шеңберіндегі жұмысқа дайындықтары деңгейіне жұмыс берушілердің қанағаттанулары жөніндегі әлеуметтік зерттеу нәтижелері талқыланды

Printer-friendly versionPDF version

 

Жұмыс берушілердің, ИИДМБ бейінді магистратурасының түлектерінің және 10 базалық ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы өкілдерінің магистрант-түлектердің кәсіби дайындығы деңгейлері мен олардың ИИДМБ кәсіпорындарында жұмыс істеу дайындықтарын  объективті бағаларын білу мақсатындағы әлеуметтік зерттеуді «Ақпараттық-сараптамалық орталық» АҚ жүргізді.

Сауалнама Қазақстанның 9 аймағында жүргізілді. Зерттеуге 329 респондент қатысты (олардың 200 – кәсіпорындар өкілдері, 100 – магистрант-түлектер және 29 – профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері).

Басқосуға ИИДМБ бағдарламасы аясында маман даярлау жүргізілген базалық ЖОО – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің, Д. Серікбаев атындағы ШҚО мемлекеттік техникалық университетінің, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, М. Әуезов атындағы ОҚО мемлекеттік университетінің, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің өкілдері қатысты.

Зерттеу нәтижелерін талқылау барысында бейінді магистратураны тәмамдаған мамандардың дайындықтарындағы ұтымды және осал тұстары аталып, ИИДМБ жобалары үшін қажетті кадрларды дайындау бағдарламасын жетілдіруге бағытталған ұсынымдар тұжырымдалды.