You are here

«Білім -2030: білім мен дағды болашағы» атты жоба жұмыс тобының 3-отырысы

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 3-4 мамыр күндері ЭЫДҰ штаб-пәтерінде (Париж қ.) орта білім мазмұнын қайта қарауға бағытталған жоба жөнінде отырыс өтті. Бұл - «Білім -2030: білім мен дағды болашағы» атты жоба жұмыс тобының 3-отырысы. Оған ұйымға мүше 18 мемлекет және бақылаушы-елдер Қазақстан мен Латвия қатысты. Қазақстан атынан жиында АТО АҚ-ның департамент директоры Елдос Нұрланов, НЗМ ДББҰ-ның Білім беру бағдарламалары орталығының директоры Жанар Абдильдина және Зерттеу департаментінің директоры Айжан Керімқұлова өкілдік етті.

Жоба міндеті - мектептегі оқуды осы заманғы әлемнің күрт өзгермелі жағдайына барынша бейімдеу, 2030 жылғы болашақ мектеп бет-бейнесін белгілеу.

2016-2017 оқу жылынан бастап орта білім мазмұнын жаңартуға бет алған Қазақстан үшін осы жобаның маңызы ерекше. Отырыс нәтижесі бойынша Қазақстанға зерттеудің алғашқы кезеңіне қатысуға ұсыныс жасалып, оның әдіснамасын жетілдіру жөнінде ой-пікірлер жинақталды.