You are here

Білім беру статистикасы және индикаторлар бойынша аймақтық семинар

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы сәуірдің 18 – 21 аралығында Стамбул қаласында БҰҰ БҒМҰ Статистика Институтының ұйымдастыруымен (БСИ) Шығыс Европа, Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдерінің білім беру статистикасы және индикаторлары бойынша аймақтық семинар өтті. Семинарға 11 ел қатысты. Қазақстанның атынан іс-шараға Стратегиялық жоспарлау және дамыту Департаментінің директорының орынбасары Майра Мелдебекова, «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның бас талдаушысы Ляззат Шакирова, ҚР ҰЭМСК бас сарапшысы Жұлдыз Айдарбекова қатысты.

Екіжақтық кездесуде БСИ өкілі Данила Ежов және Aurélie Acocaмен Халықаралық білім беру стандарттар классификациялары бойынша ұлттық индикаторларды салыстыру аяқталды, сондай-ақ БСИ-на  жақында берілген және таратылған, ұлттық статистикаға шолу жүргізілді.

БСИ сауалнамаларындағы өзгерістер, сонымен қатар 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің білім беру мақсаттарына мониторинг жүргізу үшін ұлттық, тақырыптық, жаһандық статистикалық көрсеткіштерге шолу жасау семинардың басты тақырыптары болды.