You are here

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ШОЛУ № 52 шығарылым (26.09.2015 - 06.10.2015)

Printer-friendly versionPDF version

 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

 Times Higher Education рейтингі нәтижелері жарияланды

Times Higher Education, 30.09.2015

THE 2015–2016 рейтингісіне 70 мемлекеттің 800 оқу орнын бағалау нәтижелері енгізілді. Бағалау критерийлері арасында келесі бөлімдер ерекшеленеді: білім беру қызметі – 30%, ғылыми зерттеулер - 30%, дәйексөз келтіру – 30%, халықаралық ынтымақтастық – 7,5%, ғылыми қызметке бизнес инвестициялар - 2,5%.

Университеттің академиялық және зерттеушілік беделі
(11 мыңнан астам сарапшылардан сұрау деректері бойынша) әдістемеде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың арақатынасы, жоғары білікті қызметкерлерді (ғылым кандидаттары және доктрорлар) даярлау, қызметкерлердің ғылыми еңбектерінен дәйексөз келтіру және басқа да параметрлер ескеріледі.

Рейтинг көшбасшысы болып тағы да АҚШ танылды. Мемлекет рейтингке 147 жоғарғы оқу орнымен (бұдан әрі - ЖОО) қатысты. Алайда, топ-200-дегі американдық оқу орындарының саны біртіндеп азайып келеді. Ағымдағы жылы топ-200 рейтингісіне АҚШ-тың 63 ЖОО кірді, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 11 ЖОО-ға кем. Ал 2013 жылы олардың саны 77 болған.

Ұлыбритания өзінің позицияларын жақсартты. Рейтингте ұсынылған ЖОО жалпы саны 78-ді құрады. Топ-200-ге 34 ЖОО ілікті, өткен жылы бұл көрсеткіш 29 болатын.

Басқа еуропалық мемлекеттер де жақсы нәтижені көрсетті. Топ-200 рейтингінде неміс жоғары оқу орындарының саны өткен жылмен салыстырғанда артты. Топ-200-де оқу мекемелерінің жалпы саны 20-ны құрады.

Швейцарияның Цюрих жоғарғы техникалық мектебі топ-10 рейтингісіне іліккен алғашқы ағылшын-саксондық емес оқу орны болды. Жалпы алғанда Еуропа бойынша рейтингке 345 ЖОО қатысты.

Рейтингке бұрынғы КСРО Беларуссия, Латвия, Литва, Ресей, Украина және Эстония сияқты республикаларының бірқатар университеттері де кірді. Рейтингке 13 ресейлік ЖОО ілікті.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік унивеситеті
35-орынға жоғары орын ауыстырып, 161-орынға жайғасты.

 

Times Higher Education World University Rankings 2015-2016 рейтингісінің топ-10 кірген университеттер

Орын

ЖОО атауы

Мемлекет

  1.  

Калифорния технологиялық институт

АҚШ

  1.  

Оксфорд университеті

Ұлыбритания

  1.  

Стэнфорд университеті

АҚШ

  1.  

Кембридж университеті

Ұлыбритания

  1.  

Массачусетс технологиялық институт

АҚШ

  1.  

Гарвард университеті

АҚШ

  1.  

Принстон университеті

АҚШ

  1.  

Лондон Империялық колледжі

Ұлыбритания

  1.  

Швейцарияның Цюрих жоғары техникалық мектебі

Швейцария

  1.  

Чикаго университеті

АҚШ

 

 

 

 

Ұлыбритания университеттері Нобель лауреаттары арасында аса танымал

Times Higher Education, 06.10.2015

Өзінің туған елдерінен тыс жерде оқыған Нобель лауреаттарының бестен екісіне жуығы Ұлыбритания жоғарғы оқу орындарының түлектері болып табылады.

1901 жылдан бастап Нобель сыйлығы иегерлерінің 860-ның ішінде 131 адам оқуының барлық мерзімінде немесе ішінара шетелде оқыған. Олардың 50-і (38%) Ұлыбританияда, 37-сі (28%) АҚШ-та және 23-і (18%) Германияда білім алған.

Нобель сыйлығы жүлдегерлерінің ең көбі (18 лауреат) Кембридж университетінде білім алған. Содан кейін Оксфорд университеті (11) мен Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебі (5) орын алады.

Нобель сыйлығы жүлдегерлерінің ең көбі британдық ЖОО-да физиологияны немесе медицинаны (17) оқыған. Сегіз түлек физика, сегізі химия, жетеуі экономика саласында, бесеуі әдебиет бойынша және бесеуі Нобельдің әлем сыйлығын иеленді.              

 

Дереккөз: British Council

 

 

АҚШ жоғары оқу орындары түлектерінің тек жартысы ғана жоғары білімнің қажеттілігіне сенімді

Inside Higher Ed, 29.09.2015        

         АҚШ-та университет түлектерінің жартысы жоғары білім алудың қажеті жоқ деп санайды. Мұндай деректер АҚШ ЖОО-ларының30 мың түлектеріне сұрау жүргізу барысында алынған. Түлектерден «Менің университетте (атауы) білім алғаным дұрыс болды» деген тұжырымды 5 ұпайлық шкала бойынша бағалау сұралды.

         Түлектердің әртүрлі оқу орындарын аяқтағанына қарамастан сұрау нәтижесі біркелкі болып шықты. Түлектердің алған білімінің құндылығына қатысты көзқарасына білім беру несиесінің мөлшері ең ең көп әсер етеді екен. Несие, яғни борыш мөлшері неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жоғары білімді бағалайтын түлектер аз болады. Атап айтқанда, борыш сомасы $25 мыңнан төмен болса, түлектердің 43%-ы өз білімін бағалайды, егер  $25-50 мың шегінде болса - 30%,
$50 мыңнан асатын болса  - 18%-ы ғана өз білімін бағалайды.

         Білім беру несиелері бар түлектердің жартысы ЖОО-дан кейінгі білімін кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Борышы $25 мыңнан асқандарының 43%-ы үй сатып алуды, 40%-ы - мәшине сатып алуды, 25%-ы - меншікті бизнесін ашуды кейінге қалдырды.

ЭЫДҰ: Мектептер әлеуметтік теңсіздікті арттыра түсуде 

OECD Education Today, 30.09.2015

         Отбасы тұрмысының деңгейі балалардың оқу жағдайына ықпал етіп, үлгерімнің төмен не жоғары болуына себеп болады. Мұқтаж отбасындағы балалар оқу кезінде көбіне әлсіз дайындыққа ие болады. Мұндай қорытынды PISA-2012 деректері талданған соң жасалды.

         Толыққанды оқудың барлығына бірдей қолжетімді болмауы үлгерімдегі алшақтықты одан әрі күшейтіп, аз қамтылған отбасы балаларына сапалы білім алу және кедейліктен шығу мүмкіндігіншектейді.

         ЭЫДҰ-ға мүше 33 мемлекеттің деректерін талдау нәтижесінде мынадай тәуелділік анықталды: аз қамтылған отбасы балаларларының математика пәнінен төмен нәтиже көрсетуіне оқу жағдайының ықпалы үштен бірді құрайды.

                   Австралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания және АҚШ сияқты мемлекеттерде білім беру сапасындағы теңсіздік балаларды мектеп ішінде сыныптар арасында бөлу ерекшеліктеріне тәуелді. Франция, Германия және Жапонияда мектептер арасында теңсіздік орын алады. Сарапшылардың пікірінше, білім берудегі мұндай жағдай тұрмыс деңгейі жоғары және төмен халық арасындағы алшақтықты арттыра түседі.    

Англияда мұғалімдердің 50% астамы келесі 2 жыл ішінде жұмыстан шығуды жоспарлайды

BBC, 04.10.2015

Ұлттық Мұғалімдер Одағымен (National Union of Teachers) жүргізілген сауалнама нәтижелеріне сәйкес Англия мұғалімдерінің жартысынан астамы (53%) жақындағы 2 жыл ішінде жұмыстан шығуды ойластыруда.

Мұғалімдердің 61%  жұмыс орнынан кету ниетіне  себеп ретінде жұмыстың көптігін атап көрсетті. Бастауыш және орта мектеп педагогтарының 76%-ы  соңғы бес жылда өз кәсіптеріне деген қанағат нашарлады деп санайды.

Ұлттық Мұғалімдер Одағының Бас хатшысы Кристин Блоуэрдың сөзіне қарағанда, көптеген мұғалімдердің ойынша, олардың жалақысы құнсызданды және мектептің шектелген бюджеті енбекақының өспеуіне себеп болып табылады.

Алайда Білім беру Министрі Ник Гибб мұғалім мамандығы әлі де беделді екендігін айтады. Соңғы деректерге сәйкес өз мамандығына қайта оралған бұрынғы мұғалімдердің саны жылдан жылға артып келеді:  2011 жылы 14 720 мұғалім оралса,  2014 жылы бұл сан 17 350-ге жетті. .

 Сондай-ақ, Министр мұғалімдерге жұмыстың көптілігі олардың негізгі қызметі – оқытумен айналысуға кедергі болатынын түсінеді. Ол жақын болашақта мұғалімдерге артылатын көп жұмыс мәселесін шешуге уәде берді.

Фин балаларын балабақшада оқуға үйретпейді

Huffingtonpost, 05.10.2015

Мұғалім Тим Волкердің сөзіне қарағанда, Финляндияда оқытушалыр балаларды балабақшада кітап оқуға баулымайды. Мектепалды даярлық  6 жастан басталатын Финляндияда оқыту ойындарына басымдық беріледі. Сонымен қатар оқытушылар балаларды оқу және жазуға қарағанда қолданбалы өнерге оқытқанды жөн көреді.

Фин Ұлттық Білім беру Басқармасының мүшесі Арья-Сиско Холапптың сөзіне қарағанда, ойындар балаларды оқытудың ең тиімді әдісі болып табылады. Ойынмен оқыту оқушылардың оқу сауаттылығы деңгейіне теріс ықпал көрсетпейді.

Стэнфорд Университетінің талдау нәтижелеріне сәйкес  Финляндия әлемдегі ең көп оқитын мемлекеттердің бірі болып табылады. Балалардың 94%-ы оқуды жоғарғы сыныпта жалғастырып, оны сәтті аяқтайды. PISA халықаралық зерттеу нәтижелері бойынша фин балалары оқу сауаттылығы бойынша 65 мемлекет ішінде 6-орында.

Қалайша Coursera профессорларды оқуға мәжбүрлейді?

moslenta.ru, 30.09.2015

Стэнфорд университетінің профессоры және Coursera онлайн-платформасының қосалқы негізін қалаушысы Дафна Коллер «Стрелка» мәскеу институтында әлемде интернет-білім беруді дамыту туралы дәріс оқыды.  

Анықтама: Coursera – қосымша дағдыларды игеруге, білімді тереңдетуге және мансаптық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған әлемдегі ең ірі онлайн-білім беру платформасы. Қазіргі таңда Coursera өзінің тыңдаушыларына 133 әлем университетінен 1452 курсты ұсынады.

Бүгінде РФ 6 ЖОО: Мәскеу физика-техникалық институты, Новосибирск мемлекеттік университеті, «МИФИ» ұлттық зерттеу ядролық университеті, Ұлттық зерттеу Томск мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Жоғарғы экономика мектебі Coursera платформасында онлайн-курстарын ұсынады.

Дафна Коллер Coursera онлайн-курстары оффлайн-білім беруді алмастыруға бағытталмағандығын атап өтті. Курстар оқуға мүдделі және оқыту үдерісі үшін ақы төлеу мүмкіндігі жоқ адамдар үшін жасалған. Дамушы мемлекеттер үшін онлайн-платформа – білімдегі алшақтықты қысқартудың жалғыз тәсілі болып табылады.

Coursera платформасында курс ұсыну үшін үміткерге бірнеше талап қойылады: жоғары білім беру саласында 5 жылдық жұмыс тәжірибесі, коммуникацияның жоғары дағдылары, міндеттерді шешуде инновациялық және аналитикалық тәсілдеме, ағылшын тілін еркін меңгеру, курсты оқытуда креативті тәсілдеме қолдану.

Коллердің пікірінше, онлайн-курстар бүгінде сабақ берудің жаңа стандарттарын анықтайды. Онлайн-курстар мен дәстүрлі оқыту арасында бәсеке туындады. Профессорлар онлайн-унивеситетте жоғары рұқсаттылықта жайластырылған дәрісті қайталамай, жаңа нәрсені оқытуға талпынады.

КЕҢЕС ҮКІМЕТІНЕН КЕЙІНГІ КЕҢІСТІКТЕГІ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Ресей университеті дәйексөзге алыну арқасында әлемнің үздік университеттері рейтингісіне ілікті

РИА Новости, 01.10.2015

         Қазан федералдық университеті тұңғыш рет Times Higher Education британдық басылымы құратын әлемнің үздік университеттері рейтингісіне ілігіп, 301-350-орындар аралығына тұрақтады. Осылайша, университет зерттеуге кірген барлық ресейлік ЖОО-лар ішінен төртінші орынды иеленді.

         Қазан федералдық университетінің ректоры мұндай нәтижелер көптеп жарық көрген басылымдардың дәйексөзге алыну индексінің жоғары болуының арқасында мүмкін болды деп санайды. Халықаралық беделді дереккөздердегі мақалалардың саны соңғы бес жыл ішінде кемінде бес есеге – 280 мақаладан 1543 мақалаға дейін артты.

         Сонымен қатар жарияланған басылымдардың саны ғана емес, сапасы да артты. Соның нәтижесінде Қазан федералдық университетіне басылымдарының дәйексөзге алыну көрсеткіші бойынша әлемде 85-нәтиже көрсетуге мүмкіндік туды.                            

Ресейде оқушылар үшін браузер әзірленді

ТАСС АА, 30.09.2015

Ресейде «балаларға арналмаған ақпаратқа» қолжетімділікті бұғаттайтын компьютерлерге және мобильдік құрылғыларға арналған браузер әзірленді.

Жаңа браузер жақын уақыт аралығында Мәскеу облысы мектептеріндегі барлық компьютерлеріне орнатылатын болады.

Браузерде балалар порнографиясын, есірткіні сату туралы, экстремизм немесе суицидті насихаттайтын ақпаратты тарататын сайттарды бұғаттаумен бірге әлеуметтік желілерге, ойындарға, рефераттар банкіне және басқа да «балаларға арналмаған ақпаратқа» қолжетімділік шектелетін болады.

 2012 жылы Ресейде «Балалардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан балаларды қорғау туралы» Заң күшіне енді. Балалар арасында таратылуға шектелген ақпаратты, ең алдымен Ғаламторда орналастыруға қойылатын талаптар күшейтілді.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында Ресей Федерациясы Коммуникация және байланыс министрлігі, Білім және ғылым министрлігі Федерация Кеңесімен бірлесе отырып балалардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін немесе білім беру мақсаттарына сәйкес келмейтін ғаламтордағы ақпарат түрлерінің тізілімін дайындады.

Тізілім 18 тармақты қамтиды. Оған онлайн-казино, тотализаторлар мен ақша тігетін ойындар, сондай-ақ анонимділікті қамтамасыз етуге бағытталған ресурстар кірді. Сонымен қатар, SMS-төлемдер немесе алдау жолымен жеке ақпаратты жинау базасы, ақылы қызметтерді міндеттейтін ресурстар. Білім беру міндеттеріне сәйкес келетіндерден басқа рефераттар, эсселер мен дипломдық жұмыстардың түрлі банктері де тізілімде қамтылды.

 Байланыс, ақпараттық технологиялар және жаппай коммуникациялар жөніндегі федералдық қызмет (Роскомнадзор) деректері бойынша 12-17 жас аралығындағы балалардың 90% Ғаламторды күнделікті пайдаланады. Әрбір үшінші бала желіде күніне үш сағаттан артық уақытты, ал әрбір алтыншы бала – күніне 5-8 сағатын өткізеді.

 9-16 жас шамасындағы балалардың үштен бірінен көбі желіде бір рет болсын сексуалды сипаттағы материалдарға, 11-16 жастағы әрбір екінші бала – физикалық денсаулыққа қауіп төндіру, зомбылықты және нәсілдік өшпенділікті насихаттайтын ақпаратты бір рет болса да кездестірген.

Алғашқы электрондық оқулық-навигатор келесі жылы

белоруссиялық мектептерде апробациядан өтеді

Беларуссия жаңалықтары, 29.09.2015

Ұлттық білім беру институтында электрондық оқу басылымының жаңа типі болатын 10-сыныпқа арналған химия пәнінен оқулық-навигатор әзірленіп жатыр. Әзірлеушілер алғашқы электрондық оқулық-навигатордың макеттік үлгісін ағымдағы жылдың аяғына дейін ұсынбақ. Келесі жылы ол республиканың бірқатар білім беру мекемелерінде тәжірибелік апробациядан өтеді.

Анықтама: Оқулық-навигаторда оқушының ой-өрісін кеңейтуге арналған аудиофайлдар, суреттер, бейне материалдар, кестелер, сызбалар, қосымша тапсырмалар мен мәтіндік ақпараттар қамтылған. Барлық материалдар оқытылатын тақырып бойынша қажетті қосымшаларды іздеуді жеңілдету үшін бірыңғай қалыпта жүйелі түрде беріледі.

Оқулық-навигатор оқу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейте түседі. Материалдың гипермәтіндік ұйымдастырылуы қажетті бөлімге, параграфқа, сөздікке немесе тестілеу тапсырмаларына тез өтуіне мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда қолжетімділігі қашықтықтағы ресурстарға, мысалы, оқу-әдістемелік кешеннің басқа компонентері (хрестоматиялар, анықтамалықтар, басқа да қосымша материал) орнатылған сайт немесе порталға сілтеме бойынша шығуына болады. Сонымен қатар, егер оқулық тиісті мүмкіндіктері бар виртуалды зертхананы қамтитын болса, қандай да бір үдерістерді модельдеуде өзін сынауына болады.

  Педагог-практиктер жаңа оқу құралының мазмұнына кіретін, өздері жасаған химиялық тәжірибелерін көрсетете алатындай қысқа фильмдерді жазуына болады.

Әзірбайжанда бастауыш және орта сыныптарда емтихандар енгізілуі мүмкін  

Trend, 14.09.2015

         Әзірбайжан Білім беру Министрі министрліктің тиісті бөлімдеріне бастауыш және орта сынып оқушылары арасында емтихандарды өткізу үшін қажетті жұмысты жүзеге асыруды тапсырды.

         Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде оқущылардың білімін тексеру міндетті оқыту мерзімі аяқталған соң ғана бағаланады. Сол үшін тоғызыншы сынып түлектері бітіру емтихандарын тапсырады. 

         Алайда алтыншы немесе бастауыш сынып оқушылары арасында емтихан өткізу білім беру үдерісіндегі және әдістемедегі олқылықтарды тезірек анықтауға мүмкіндік берер еді.

 

Ливанов: мұғалімдердегі бюрократиялық ауыртпалықты қысқарту қажет  

РИА Новости, 05.10.2015

РФ Білім және ғылым министрі Дмитрий Ливанов мұғалімдерге түсетін бюрократиялық ауыртпалықты оңтайландырудың қажеттілігі туралы мәлімдеді. Министр «қағаз жүктемесінің» орнына мұғалім оқу және тәрбиелеу үдерісіне зейін қоюы тиіс деп санайды.

Анықтама: Білім беру жөніндегі комитеттің деректері бойынша соңғы жылдары мектеп бюрократиясының көлемі бірнеше есеге артты. Орта есеппен, әрбір мектеп жыл сайын шамамен 300 есеп дайындайды. Есептердің 80% тікелей мұғалімдермен дайындалады.

Министрдің айтуынша, Білім және Ғылым Министрлігінің жұмысы педагог қызметкерлердің жүктемесін төмендетуге бағытталады, ал бұл оларға өздерінің тікелей лауазымдық міндеттеріне зейін қоюға мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын Мемлекеттік дума депутаты Владимир Бурматов та мұғалімдерді қағаз жұмысынан босату қажеттілігі туралы айтқан болатын. Оның пікірінше, осы мәселе мектеп мұғалімі мәртебесіне теріс ықпал етеді. Сонымен қатар ол білім беру статистикасын ретке келтіру туралы мәселені көтерді, себебі ол заманауи талаптарға және жаңа нормативтік-құқықтық қорға толық шамада сәйкес келмейді.

 

Мектеп директоры-2015 20 өңір өкілдері қатарынан таңдалады

РИА Новости, 01.10.2015

                  Ағымдағы жылдың 1 қазанында «Мектеп директоры - 2015» бүкілресейлік конкурстың сырттай туры аяқталды. Аталған іс-шара РФ Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Мектеп директоры» журналымен ұйымдастырылды. Конкурсқа Ресейдің
75 өңірінен 635 жалпы білім беру ұйымының басшылары қатысты.

         Конкурс 2 турдан тұрады: сырттай және бетпе-бет. Сырттай тур екі кезеңде өтті. Бірінші кезең барысында конкурсқа қатысушылар «Қызметкерлерді ынталандыру: ақшадан басқа не» тақырыбына эссе дайындады. Эсседе қатысушылар өзінің басқарушылық тәжірибесімен бөлісті.

         «Мектеп директоры» журналының бас редакторы Константин Ушаковтың сөзіне қарағанда, кейбір қатысушылардың  жұмыстарында шығармашылық ұрлыққа жол берілген. Нәтижесінде конкурсқа қатысушының 80-і  1-турдың екінші кезеңіне өтті. Бұл кезеңде мектеп директорларына «Бетпе-бет сөйлесу» бейнеролигін жазу қажет болды. Роликте білім беру ұйымы басшысының өз мектебіндегі мәселелері туралы, кәсібі және білім беру туралы ойлары қамтылуы тиіс.

         Анықтама: 2010 жылдан бастап «Мектеп директоры» конкурсы
«Ерікті іс» Қоры, РФ Қоғамдық паласы, РФ Федералдық Жиналыс Федерациясының Кеңесі, «Жоғарғы экономика мектебі» ҰЗУ, Ресей білім беру академиясының қолдауымен жыл сайын өткізіледі.

 

Дайджест бойынша жұмыс істегендер: Н. Черкашина, Е. Коротких,

Д. Ташибаева, А. Ахметжанова