You are here

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ШОЛУ №1 (09.06.14-13.06.14)

Printer-friendly versionPDF version

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бразилия білім беруде жаңа мақсаттар қойды

Times Higher Education 07.06.2014

Бразилия Білім берудің ұлттық жоспарына сәйкес 10 жылдың ішінде ЖІӨ-нің 10% бөлуді жоспарлап отыр.

Ұлттық жоспар Бразилияның Ұлттық конгресімен биылғы жылдың 3 маусымында Білім министрлігі конгреске ұсынғаннан кейін 4 жыл өткен соң қабылданған.

Қазіргі кезде Бразилия білім беру саласына шамамен 6,4% ЖІӨ (соның ішінде мектептер мен университеттер) – бұл тура Ұлыбритания сияқты, оларды мұның үлес салмағы 6,3% құрайды.

Анықтама үшін: Қазақстанда білім беру саласына кететін шығын үлесі ЖІӨ-нің 4,1% құрайды (2013г.).[1]

Білім берудің ұлттық жоспарында қойылған мақсаттарға министрлік 2023 жылы жетеміз деп ниеттеніп отыр.

Мысалы, министрлік 18-24 жас аралығындағы жоғарғы оқу орнына түскен студенттер санын 2023 жылы 50% дейін ұлғайтуды көздеп отыр. 2012 жылғы жағдай бойынша, бұл көрсеткіш 30,2%-ды құраған.

Анықтма үшін: Қазақстанда 18-24 жас аралығындағы ЖОО-да оқитындардың үлесі - 2013-14 жж. 24,3%.[2]

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім – осы жоспардың тағы бір басым бағыттарының бірі. Оның аясында жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша оқитындардың санын ұлғайту жоспарланып отыр.

2012 жылы 42 мыңнан астам студент магистратурада оқыған, бірақ бұл көрсеткіш 2023 жылға қарай (200 млн. артық тұрғын болғанда) 60 мыңға дейін өседі деп күтілуде. Онымен қоймай, докторлық дәрежеге ие болғандар саны 2023 жылға қарай 25 мыңға жетіп, 2 есе өсуі тиіс.

Анықтама үшін: Қазақстанда жоғарғы оқу орнынан кейінгі бағдарлама бойынша оқитындар саны 2013-14 жж. 29,6 мың (28,1 мың магистрант және 1,5 мың докторант) адамды құрайды[3]

Жоғарғы білімнің сапасын арттыру мақсатында ҮЕҰ еліміздің жоғарғы оқу орындарының әр түрлі факультеттерінде сабақ беретін магистрлер мен докторлардың санын (2011 жылы 69,3%-дан 2013 жылы 75%-ға) дейін ұлғайтуды жобалап отыр.

Анықтама үшін: Қазақстанда академиялық және ғылыми дәрежелері бар ППС үлесі - 70,5%.; в т.ч. PhD магистрі мен докторы дәрежесі – 22,3% (2013-14 оқу жылы); ғылым докторы мен кандидаттарының оқу дәрежелерімен – 49,8%.[4]

 

Қытайдың қатаң емтихандық ережелері өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларына алып келуде

EpochTimes 9.06.2014

Жыл сайын маусым айында өтетін жоғарғы оқу орнына мемлекеттік түсу емтихандары — Қытайдың мектеп түлектері бетпе-бет келетін ең қиын әрі маңызды сынағы болып табылады. Қытайдағы кейбір мектептер үшін бұл өздеріне артылған өте үлкен ауыртпалық. Соңғы айларда өзін-өзі қол жұмсау мен қол жұмсауға талпыну үрдісі кең етек жайғаны хабарланды.

Жоғарғы оқу орындарына мемлекеттік түсі емтиханы Қытай тілінде «гаокао» (гао — жоғарғы, као — сынақ, емтихан). Олар абитуриенттің қандай университетке түсе алатынын шешеді. Жоғарғы сынып оқушылары бүкіл ел бойынша емтиханды 7 және 8 маусым айында тапсырады. Математика, ағылшын тілі, сондай-ақ гуманитарлық және жаратылыстану ғылымы бойынша білімі тексеріледі.

Орта мектептерді оқушылардың үлгеріміне байланысты бағалайды. Сондықтан ата-аналар да, ұстаздар да балаларға қысым жасайды.

Маусым айын көп жағдайда оқушылар, аналар мен мектеп оқушыларының емтихан кесірінен жүйкесі тозып, мазасыздық басатындықтан, «қара» кезең деп атайды. Өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларының көбі емтихан нәтижесін жариялағаннан кейін орын алады. Себебі, олар өздері күткендей нәтижені алмайды. 2014 жылғы күн сайынғы есептің мәліметтері бойынша, өткен жылы

79 оқушы суицид жасаған. Оның 93%-да бұған «гаокао» емтиханына дайындық кезінде қатты күйзеліске ұшырау және емтихан қорытындысы бойынша төмен баға алу себеп болған.

Жалпы алғанда, оқушылар мектепте күніне 10-12 сағат болуы тиіс. Және бұл Қытайда қалыпты құбылысқа айналған. Оқушылар үйге қайтып келген соң, үй тапсырмасын орындауы керек. Оны орындауға тағы да 2-4 сағат кетеді. Демалыс күндері де сабақ оқуға кетеді.

Кеселдердің алдын алу және бақылау бойынша Қытай орталығының ақпаратына сәйкес өзіне-өзі қол жұмсау 2013 жылы қытай жасөспірімдері мен жастарының арасында ажал құшудың ең кең тараған себептерінің бірі болды.

Анықтама үшін: биыл Қытайда гаокаоны 9,8 млн. мектеп түлегі тапсырды

 

ҰБТ-ге таныс суреттер

Чили шетелдік студенттерді көбірек тартуға ниетті

Times Higher Education 05.06.2014

Құрамына 21 жоғарғы оқу орны кіретін Чили университеттерінің тобы елдегі шетелдік студенттердің санын өсіру бастамасымен шықты. Осы мақсатта «Чилиді біл» (Learn Chile) жобасы енді.

Чилиді «халықаралық деңгейде мойындалған және кәсіби» жоғарғы білім алуға болатын ел ретінде дамытуға жәрдемдесу бойынша осы жобаға үлкен үміт артылады.

Бұл жоба нақтырақ айтсақ, Еуропа, Қытай, АҚШ және Бразилиядан келген студенттерге бағытталған. Және Чили үкіметі қолдау көрсетеді.

Соңғы жылдары шетелдік студенттер арасында Чили университеттеріне деген қызығушылықтың артқаны байқалады. Чили Білім министрлігінің мәліметтеріне университеттердегі халықаралық студенттердің үлесі орта есеппен алғанда 2009-2012 жылдар арасында 14%-ға, 2012-2013 жылдар аралығында 26%-ға ұлғайды.

 

Детройттағы мемлекеттік мектептер ерте даму бағдарламасын кеңейтуді жоспарлап отыр.

CBS Detroit, 09.06.2014

Детройттың мемлекеттік мектептері мектепке дейінгі бағдарлама ауқымын кеңейту туралы жариялады. Нақтырақ айтсақ, 4 жасқа дейінгі балаларға арналған Мемлекеттік мектепке дейінгі бағдарламалар (Great Start Readiness program) және Ерте даму бағдарламасы (the Title I Pre-K program) аясында балалардың ерте дамуы. Бағдарлама мәліметтері балаларды біліктілгі жоғары педагогтарды тарта отырып, балабақшаға тегін дайындауды қамтамасыз етеді.

Жаңа мектепке дейінгі бағдарламалар бұған дейін мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған бағдарламаларды ешқашан ұсынбаған Детройттың мектептерінде іске асырылады. Сонымен қатар, Детройт қаласының ересек тұрғындарының Білім бөлімі Мектепке дейінгі білім орталығында (Beard Early Childhood Education Center) мектепке дейінгі бағдарламаларды жүзеге асырады. Осылайша, бүкіл қала бойынша мектепке дейінгі жастағы балаларды қамтамасыз етіледі.

АҚШ Мемлекеттік бағдарламасына ерте дамуға арналған балаларды қамтуға бағытталған, мектепке дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға бағытталған «Алға жылжу» бағдарламасы қосылмайды. Ендігі кезекте кез келген бала жоғарыда көрсетілген ерте даму бағдарламаларының қайсына болса да қатысуға құқылы.

 

Жапония Ботсванадағы мектепке дейінгі білімді қолдайды

DailyNews, 13.06.2014

Жапон үкіметі Мабаб Цокотсама (Mababe Zokotsama Community Development Trust) қоғамдық даму қорына Мабабта (Ботсвана Республикасы) мектепке дейінгі білім беру құрылыстары үшін $46 мың үлес қосты. Ауылдағы 20 балаға жыл сайынғы негізде мектепке дейінгі білім алу мүмкіндігі беріледі.

Осылайша, Жапон үкіметі алдағы бірнеше жылда

140 мектепке дейінгі мекемелердің ашылуы жөніндегі бағдарлама аясында Ботсвана Республикасының мектепке дейінгі білім беруді дамытуға өз үлесін қосады.

Онымен қоймай, Жопанияның үлес қосуына өз елінде мектепке дейінгі білімді алуға тең мүмкіндікпен қамтамасыз ету. Жапония үкіметінің тарапынан жасалған көмек Ботсвана үкіметі орындаған маңызды рөлді толықтырады.

Жапония үкіметі Ботсвананың әр қырынан дамуына ықпал етеді. Және барлық аймаққа тегін көмек көрсету керек. Жапония сондай-ақ, Замбия мен Ботсвананы біріктіріп тұртын Казунгула (Kazungula Bridge) көпір құрылысы сияқты еліміздің бірнеше ірі жобаларына көмек көрсетеді.

 

2014 жылғы ұлттық білім беру жүйесінің тиімділік Рейтингі жарияланды

International Business Times, 02.06.2014

Білім беру және баспа қызметіне маманданған Pearson Британдық халықарлық тобы 2014 жылғы ұлттық білім беру жүйесі тиімділігінің Рейтингі ұсынды. (Global Index of Cognitive Skills and Educational Attainment 2014).

Анықтама үшін: Зерттеу нәтижелері білім беру салсындағы әлемдегі 40 елдің жетістіктерін көрсетеді.

Зерттеу жұмысы әлемнің әр түрлі елдерінің білім саласының халықаралық көрсеткіштерінің кең шеңберін біріктіретін «Кривая обучения» (The Learning Curve) жаһандық жобасы аясында 2012 жылдан бері жүргізіледі. Елді таңдау жобаның мәліметтер базасы негізінде жүзеге асырылады. База халықаралық-салыстырмалық деңгейде неғұрлым толық білім беру және әлеуметтік-экономикалық статистикасы бар елдерді ғана біріктіреді.

Зерттеу авторлары жоба нәтижелері әлеуметтік-экономикалық дамудың әр түрлі кезеңдерінде тұрған елдердің үлкен санының арасында ұлттық білім беру жүйесінің тиімділігін салыстырудың алғашқы талпынысы болып табылатынын атап көрсетті.

Рейтинг The Economist Intelligence Unit зерттеу компаниясының әдісі бойынша есептелген және әлемдегі 40 елдің білім беру жүйесінің тиімділік деңгейін білім дәрежесі мен когнитивті дағды бойынша халықаралық-салыстырмалы көрсеткіштер жиынын біріктіретін негізгі екі категория бойынша бағалайды. Бұл көрсеткіштер аясында ОЭСР (PISA, TIMMS, PIRLS) халықаралық зерттеулер нәтижесінің көрсеткіші пайдаланылды. Сондай-ақ, ЮНЕСКО статистика Институты мәліметтері және «Білім беруге көзқарас» (Education at a Glance) ОЭСР баяндамасының мәліметтері қолданылады.

Білім беру жүйесі тиімділігінің екі базалық өлшемі (когнитивті дағды индексі мен білім деңгейі) әлемдік рейтингтегі әрбір елдің позициясын анықтайтын және белгіленген көрсеткіштердің салмақталған сомасы болып табылатын қорытынды Индексте түйіседі.

Биыл білім беру жүйесі тиімділігі рейтингінің әлемдік лидері барлық көрсеткіштер бойынша неғұрлым жоғары позицияға ие болған Оңтүстік Корея болды. Тұтастай алғанда, рейтинте Азиялық-Тынық мұхиты аймағы елдері 4 негізгі орынды иеленді. Екінші орын Жапонияға тиесілі, үшінші орын — Сингапурге, төртінші орын — Гонконгке тиесілі. Гонконгтен кейін Финляндия орналасты. Ол рейтинтің еуропалық көшбасшысы болды. Бірінші ондыққа сондай-ақ Ұлыбритания, Канада, Нидерланды, Ирландия және Польша енді.

Ресей 40 мүмкін елдің ішінен 13-ші орынды иеленіп отыр. Германия мен США (14). Осылайша, ресейлік білім беру жүйесі Еуропадағы (8 орын) ең үздік ондықтар қатарына енді. Бір қызығы, 2012 жылдың рейтингінде Ресей тек 20-шы орынды иеленген болатын.

Рейтингте соңғы орынды Индонезия иеленіп тұр. Жалпы алғанда, білім беру жүйесіндегі анағұрлым орайлы көрсеткіштер бұрынғыдай ЭЫДҰ мүшесі болып табылтын кіріс деңгейі жоғары елдерде байқалады. Ал ең аз көрсеткіштер Оңтүстік Азия және Латын Америкасындағы дамушы елдерде.

Британдық оқушыларға оқу бағдарламаларын жасауда дауыс құқығын береді

The Telegraph 04.06.2014

Қазіргі кезде атақты британ кәсіпкері сэр Ричард Брэнсон (Richard Branson) басқаратын Цифрлік жастар Кеңесі (Digital Youth Council) білім беру саласындағы технологияларды пайдалану мәселесіндегі оқушылардың дауыс құқығы үшін сөз сөйледі.

Кеңес сәуір айының соңында сэр Брэнсонның жетекшілігімен іске қосылған технологияның мектептер мен болашақ мұғалімдер мен оқушыларға әсерін қарастыратын неғұрлым кең талдау бөлігі ретінде құрылады.

13 бен 17 жас аралығындағы оқушылар тобынан тұратын бұл кеңес жаңа ақпараттық технологиялар және оларды оқу процесінде пайдалануды талқылау жұмыстары тәжірибесін алмасу үшін платформа болып табылады.

Оқуға арналған (London Grid for Learning) Лондон желісінің Білім департаментінің қолдауымен жеке компанияның (Virgin Media Business) басқаруындағы жастар панелі білім сапасын жақсарту тікелей Білім департаментімен жұмыс істейді.

Бұл бастама мектептерге қыркүйек айында енгізілетін информатика пәнінен жаңа оқу бағдарламалары қарсаңында көтерілді. Ол ақпараттық технология мен сандық сауаттылықты және информатиканы біріктірді.

 

АҚШ-тың Жоғарғы оқу орындары құзіреттілік тәсілге көшуде.

Education News 12.06.2013

АҚШ-тағы Жоғарғы білім несиелік жүйе аясында қызмет етеді. Студенттер өзінің прогресін жинақталған несие сағаттары санын есепке ала отырып оқумен қарастырады. «Бұл әрдайым оқу бағдардамасы мазмұнының өзектілігін көрсете бермейді» деп жазады, Капелла (Capella University) Университетінің Президенті Скотт Кинни (Scott Kinney). Қазіргі оқу орындарының көпшілігі несие жинақтау жүйесінен арылып, құзыреттілікке негізделген оқу бағдарламаларына көшуде. Бұл үлгіде студенттің білімі мен оның білімінің дәлелі маңызды болып барады.

Жоғарғы оқу орнына қатысты құзіреттілік тәсілі әсіресе, өз білімін колледждерде бастап, жалғастырғысы келетін ересек тұрғындар арасында кеңінен танылған. Себебі, олар сабақ оқуға, жұмысына және отбасына қажетті уақытын дұрыс бөле алады.

Құзіреттілікке негізделген білім жүйесіне көшу нәтижесінде бір қарағанда көрінгендей, үлкен өзгерістер болмайды. Оқу орындарының бар істейтін шаруасы – оқудың нақты мақсаттарын анықтау. Осылайша, несиелік сағат тек сыныпта өткізілген уақыт өлшемі ғана емес, адамның алатын білім өлшемі де болмақ. Кейбір университеттер жаңа жүйеге көшуге арналған аккредитациялық органдардың мақұлдауын алып жатыр. Онымен қоймай, ағымдағы жылдың наурыз айында АҚШ-тың Білім беру департаменті экспримент ретінде осындай оқу түрлерін енгізіп жатқан жоғарғы оқу орындарына көмек ретінде директива шығарды. 

 

ПОСТКЕҢЕСТІ КЕҢІСТІК ЕЛДЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Грузия аграршылар арасында кәсіптік білім деңгейін көтереді

NewsGeorgia 10.06.2014

Фермерлерге жәрдемдесуге қатысты жаңа бағдарламаны «Ауылшаруашылығы саласындағы кәсіптік білім» конференциясында Грузияның ауыл шаруашылық министрі Шалва Пипия таныстырып өтті.

Кәсіпкерлерге жәрдемдесу мақсатында Грузия үкіметі аграрлық салада халықаралық ұйымдармен біріге отырып, ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асатын бірқатар жобаларды жоспарлады. Бұл жобалар жаңа технологияларды қолдануға және зерттеуге, дамыған елдермен тәжірибе алмасу және кәсіптік білім беру тұжырымдамасын кеңейтуге бағытталған.

Министр Грузияның 59 муниципалитетінде 260-тан астам кәсіпкер, фермер және шаруалар жақын болашақта үкімет ұсынатын консульттивтік қызметтерді алуға мүдделі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптің дамуына, өндірістің ұлғаюына ықпал ететін ауыл шаруашылығын зерттеу орталығы құрылатын болады.

Конференцияға Грузияның білім министрі, Даму және ынтымақтастық бойынша Швейцариялық агенттіктің өкілдері, Грузиядағы БҰҰ Даму бағдарламасының жетекшісі мен аймақтық директоры, жеке кәсіпкерлер мен мен фермерлер қатысады.

Ресейдің 100 ЖОО-нан тиімділіктің артуы күтілуде.

Дэлайт новости 11.06.2014

Ресейдің Білім және ғылым министрлігі өткізілген мониторингтен кейін мыңдаған ресейлік Жоғарғы оқу орындарын 2014 жылдың 31 қазанына дейін жұмысын жақсартуға кеңес етті. Бұл жоғарғы оқу орындарының тізімі мемлекеттік органның сайтына орналастырылды.

Ресейдің Білім және ғылым министрлігі көптеген ресейлік жоғарғы оқу орындарының жұмысын тиімсіз деп есептейді. Жыл сайынғы мониторингтен белгілі болғандай, Шолохов атындағы Мәскеу мемлекеттік гуманитарлық университеті, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті, Ресей Әділет министрлігінің құқық академиясы және басқа да көптеген адамдар 6 белгіленген көрсеткіштің тіпті 4 көрсеткішіне де жете алмады. Бұл тізім 1010 тиімсіз жоғарғы оқу орындарын біріктіреді.

Осындай оқу орындарын жабу немесе қайта ұйымдастырудың орнына Ведомство аралық комиссия сарапшылары ұсынымдарын беруге шешім қабылданды. Ал жоғарғы оқу орнының ары қарайғы тағдырын оның құрылтайшысы шешеді. 2014 жылдың

31 қазанында олар өз шешімдерін хабарлау керек. Оқу орындары бағалантын 6 көрсеткіш күндізгі оқудағы студенттерден, жоғарғы оқу орнындағы шетелдік студенттер санынан, ППС орташа жалақыдан, ЖОО-ның ғылыми және конструкторлық жұмыстарын алу, түлектерді жұмысқа орналастыру, сондай-ақ, аумақпен қамтамасыз ету, ЕГЭ орташа бағадан тұрады.

 

Украинаның бейінді оқу бойынша жаңа Тұжырымдамасы жасалды.

Osvita.ua 11.06.2014

Білім және ғылым министрі қоғамдық талқылауға жоғарғы мектептерде бейінді оқытудың Тұжырымдамасының жаңа жобасы ұсынылды.

Бұл тұжырымдама Білім берудің Халықаралалық стандарт жіктемесіне сәйкес формальді білім берудің 3-ші деңгейіндегі жалпы білім беретін оқу орындарында жүзеге асырылатын оқу негіздерін анықтайды. (жалпы толық орта білім).

Осы тұжырымдамаға сәйкес бейінді оқытудың мақсаты оқушылардың танымдық мүдделерін, бейімі мен қабілетін дамыту және толық қанағаттандыру және болашақ мамандығы мен кейінгі өмірлік жоспарына негізделген жалпы білім беру қажеттіліктерін дамыту болып табылады.

Бейінді оқытдың мазмұны инварианттық (жалпы, бірдей, оқышулардың бәріне) және вариациялық компоненттерді қамтиды.

Сондай-ақ, бұл концепциямен бейінді оқытуда мазмұн құрылымында ерекше орынды иеленетін таңдау бойынша курстары, бейінді ұйымдастыру әдістері, сондай-ақ Тұжырымдманы жүзеге асыру шарттары анықталған.

Бейінді оқыту Тұжырымдамасының жобасымен Украина Білім және ғылым министрлігі сайтында тнысуға болады.

Литвадағы әрбір 10-шы шетелдік студент медицина саласында оқиды

ЕРКРАМАС 12.09.2012

Медицина Литваға шетелден оқуға келген студенттер арасында ең танымал мамандық болып табылады. Шетелдік студенттердің 10-нан 1-і, нақтырақ айтсақ, 4152-ден 428-і Литва денсаулық туралы ғылым университетінде немесе Вильнюс университетінің медициналық факультетінде оқиды. Тағы да бірнеше жүз шетелдік стоматологияда, фармацевтика мен мал дәрігерлік факультеттерде оқиды. Бұл Литвадағы медициналық ғылымдардың қаншалықты танымал екенін анық көрсетеді.

Литвадағы студенттердің жалпы саны жылдан жылға азайып бара жатқанына қарамастан, литвалық ЖОО-дағы студенттер саны қарқынды түрде өсіп келеді. Биыл ол 4152 адамды құрайды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ға көп. Тағы да бірнеше мың шетелдік Литваның ЖОО-да семестрін өтікізеді немесе «Эразмус» сияқты студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша семестр өткізеді. Сауалнама жүргізу қорытындысы бойынша, 94,2% шетелдік студент өз достарына Литвада оқуды кеңес етер еді.

 

Молдованың либерал-реформаторлық партиясы Білім туралы жаңа Кодекске қарсы шықты

МРТК «МИР» 05.09.2012 КМ.ru 12.09.2012

Либерал-реформаторлық партияның тең төрағасы Анна Гуцу Білім туралы жаңа Кодекс кейбір партиялардың саяси мүддесі мен менмендігі арқасында парламентте қабылданбайды деп атап өтті. Анна Гуцу өз блогында бұл жобаның өте үлкен жаулықпен қабылданғаны, сондықтан тіпті парламенттің екінші шақырылымында да қабылдануға мүмкіндігі жоқ екенін түсіндірді. Сонымен қатар, Кодексті құрастыру барысында сарапшылардың қорытындысы да, еуропалық тәжірибе де ескерілмеген болатын.

ЛРП депутаты Білім туралы Кодексті қабылдауда және алға бастыруда оқытушылардың қатыспағанына наразылық танытты. Оның айтуынша, саяси еркіндіктің болмауы Молдавия Республикасының білім беру жүйесінде тоқырауға алып келеді.

Білім туралы Кодекстің ережелерінің бірі міндетті мектеп пәндерінің ішінен орыс тілін алып тастауды қарастырады. Ағарту Министрлігі бұл жобаны парламенттің қарауына жіберді.

 

2017 жылдн бастап Қырғызстанның барлық білім беру мекемелерінде пәндер үш тілде оқытылады

Knews.kg 05.05.2014

2017 жылдан бастап «2014-2020 жылдарға арналған Қырғызстандағы тілдік саясатты жетілдіру және мемлекеттік тілді дамытудың Ұлттық бағдрламасы туралы» президентінің жарлығын жүзеге асыру аясында Қырғызстанда көптілді білім берудің инновациялық бағдарламаларын енгізу басталады. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясында «Юниверсум» мәдени-білім орталығының атқарушы директоры Айдай Молдогазиева айтты.

Оның айтуынша, көптілді білім беру балабақшалардан бастап, мектеп пен ЖОО-на дейін үш тілде пәндерді оқытуды енгізуді қамтиды.

 

___________________________________

Дайджестпен жұмыс істегендер: М. Алпысбаева, Н.Черкашина и E. Коротких