You are here

БІЛІМ БЕРУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНА ШОЛУ № 58 шығарылым (26.11.2015 - 06.12.2015)

Printer-friendly versionPDF version

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

БРИКС және қарқынды дамушы экономикасы бар елдердегі университеттер рейтингісінің нәтижелері жарияланды

Times Higher Education, 02.12.2015

Пекин университеті 2015 жылдың қорытындысы бойынша БРИКС мемлекеттері мен қарқынды дамушы экономикасы бар университеттердің Times Higher Education рейтингісінде бірінші орын алды (BRICS & Emerging Economies Rankings 2016).

Аталмыш университет үшінші жыл қатарынан 2014 жылы осы рейтинг туралы жарияланған сәттен бастап көшбасшы орынды  иеленуде. Сондай-ақ ҚХР де топ-10 (5) және топ-200 (39) жалпы саны бойынша көш бастап келеді.    

Топ-200 15 ресейлік жоғары оқу орны кірді. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті топ-10 РФ-тің жалғыз өкілі болып табылады. 

Үндістан жоғары оқу орындары рейтингтің топ-10 кірмеген жалғыз ел болып табылады, алайда жоғары оқу орындарының жалпы саны бойынша топ-200 Үндістан үшінші орынды иеленді (16).

Рейтингте қарқынды дамушы экономикасы бар 35 елден 200 университет ұсынылған. 

Рейтинг Times Higher Education World University Rankings университеттердің халықаралық рейтингісі әдістемесіне негізделген. Жоғары оқу орындарының табыстылығы бес санаттағы он үш параметр бойынша бағаланады – білім беру, зерттеу қызметі, цитата келтіру, халықаралық қоғамдастықтағы кірісі мен жағдайы.        

БРИКС мемлекеттері мен қарқынды дамушы экономикасы бар елдер университеттерінің Топ-10 жоғары оқу орындары рейтингісі   

Орны

ЖОО атауы

Елі

  1.  

Пекин университеті

ҚХР

  1.  

Цинхуа Университеті

ҚХР

  1.  

М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті 

РФ

  1.  

Кейптаун университеті

Оңтүстік Африка

  1.  

Тайвань Ұлттық Университеті

Тайвань

  1.  

Витвотерсранд университеті

Оңтүстік Африка

  1.  

Қытай Ғылыми-техникалық университеті 

ҚХР

  1.  

Чжэцзян университеті

ҚХР

  1.  

Сан-Паулу Университеті

Бразилия

  1.  

Джао Тонг Шанхай университеті

ҚХР                           

 

ЕО-да кәсіби дағдылардың интерактивті сайты әзірленді

Cedefop, 01.12.2015

Кәсіптік даярлықты дамыту жөніндегі Еуропалық орталық (European Centre for the Development of Vocational Training немесе Cedefop) Еуропалық одақтың (ЕО) мемлекеттеріне арналған Жаңа дағдыларды дамыту бойынша интерактивті сайт (The New Skills Panorama Website) әзірледі.

Анықтама үшін: Cedefop – 1975 жылы құрылды. 1995 жылдан бастап Грекияда орналасқан. Орталық ЕО аумағында кәсіптік білім беру мен даяралауды дамыту бойынша ұсынымдарды әзірлеумен айналысады. 

Сайт еуропалық мемлекеттердің еңбек нарығында орын алатын процестер мен өзгерістер туралы өзекті деректерді ұсынады. 

Пайдаланушылар үшін мамандықтарға сұраныстардың өзгеруін және оған қойылатын біліктілік талаптарын қадағалау, перспективті мамандықтардың тізбесімен және қажетті дағдылармен танысу мүмкіндігі беріледі. 

Сайт мүмкіндіктерін қарапайым азаматтар ғана емес, сонымен қатар ЕО аумағында кәсіптік білім беруді дамыту және даярлау бойынша стратегиялық шешімдерді қабылдайтын жауапты лауазымды тұлғалар да пайдалана алады. 

Отбасында болудың ұзақтығы асыранды балалардың үлгеріміне оң әсер етеді

The Independent, 30.11.2015

Оксфорд және Бристоль университеттерінің бірлескен зерттеуі асыранды балалардың отбасында тұруы неғұрлым ұзақ болса, олардың мектептегі үлгерімі соғұрлым жоғары болады деп анықтады.  Қауіпсіз әрі сенімді орта, отбасының қолдауы балалардың оқудағы жетістіктерінің маңызды құрамы болып табылады.   

Англияның 620 мың оқушысы арасында өткен GCSE емтиханының нәтижелері зерттелді. Оның ішінде, 13 599 оқушы тұрмысы қолайсыз отбасынан және 4 849 – асырап алушы отбасында кем дегенде бір жыл бойы тұрды.  

Анықтама үшін: GCSE (General Certificate of Secondary Education) – 14-15 жастағы оқушылар үшін британдық бағдарламаны аяқтағаннан кейінгі емтихан. 

Асырап алушы отбасында бір жылдан астам тәрбиеленетін балалар, өздерінің әлеуметтік-осал отбасынан шыққан құрдастарына  қарағанда, емтиханда 6 балға артық жинады.   

Ағымдағы жылдың 7 - 13 желтоқсаны аралығында бүкіл әлем бойынша «Кодтың бір сағаты» акциясы өтті  

BBC, 07.12.2015

Ағымдағы жылдың 7-13 желтоқсаны аралығында Компьютерлік білім апталығы (Computer Science Education Week) шеңберінде бүкіл әлемдік «Кодтың бір сағаты» жыл сайынғы қайырымдылық акциясының (An Hour of Code)  кезекті аптасы өтті. Мақсаты – халықтың жоғары технологияларға қызығушылығын арттыру, сондай-ақ бағдарламалау негіздерімен таныстыру.   

Осылайша, Apple компаниясы бүкіл әлем бойынша өзінің 468 дүкенін 6 және одан жоғары жастағы балаларға бағдарламалау негіздерін үйрету үшін оқыту сыныптары ретінде пайдаланады.  

Анықтама үшін: «Кодтың бір сағаты» жобасы 2013 жылдан бастап өткізіледі және 180 астам елді қамтиды. Жобаның ресми сайтында 40 астам тілде оқыту сабақтары ұсынылған. 2014 жылы жобаға 100 млн. астам адам қатысты. Жоба АҚШ Президенті Барак Обама және Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон, Apple, Microsoft, Google, Facebook, Amazon компаниялары және т.б. қолдауымен өткізіледі. 

Оңтүстік Корея Үкіметі солтүстік корейліктерге грант бөлуде

The Korea Herald, 04.12.2015

Оңтүстік Корея үкіметі КХДР студенттерін оқытуға грант ұсынуды жоспарлап отыр. Мақсаты – екі ел арасындағы өзара қатынасты жақсарту. Бұл үшін шамамен $1,56 млн. бөлінген.    

Оқыту 2016 жылдың бірінші жартысында бес оңтүстік корейлік университетте басталады. 

Екі ел арасындағы өзара түсіністік пен мемлекетаралық келісімді жақсартуға бағытталған қосымша курстар ұсынылған жағдайда, аталмыш университеттер мемлекет тарапынан қаржылық қолдау алатын болады. 

КЕҢЕС ҮКІМЕТІНЕН КЕЙІНГІ КЕҢІСТІК ЕЛДЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  

Ресей Еуропалық білім беру сапасының кепілдеме тізімінің мүшесі болды  

РАА Жаңалықтары, 01.12.2015

РФ Ұлттық кәсіптік-қоғамдық аккредиттеу орталығы (Ұлттық аккредиттеу орталығы) 1 желтоқсаннан бастап ресми түрде Еуропалық білім беру сапасының кепілдеме тізімінде тіркелді  (the European Quality Assurance Register for Higher Education, EQAR).

РФ Ұлттық аккредиттеу орталығы қосылғанға дейін, EQAR 21 ел, 40 агенттік пен орталықты қамтыды. Ресей Болон процесіне 48 мүше-мемлекеттің ішінен 22-ші ел болды.     

Болон процесіне қатысушы-елдің аумағындағы кез келген, ұлттық, не шетелдік жоғары оқу орны, EQAR кіретін агенттікте аккредиттеуден өте алады.   

Ұлттық аккредиттеу орталығының EQAR-ға кіруі ресейлік жоғары оқу орындарын халықаралық стандарттарға сай болуға мүмкіндік береді. Ұлттық аккредиттеу орталығынның тіркелуі РФ-ның білім беру сапасына сенімді арттырады және шетелдік студенттер мен оқытушылардың жұмылдыруына, ресейлік білім беру бағдарламаларының жоғары сапасының танылуына септігін тигізеді. 

Әзірбайжанда балалар мектепті босатқаны үшін ата-аналарға айыппұл салады   

ТАСС, 04.12.2015

Әзірбайжанда заңнамалық негізде балалары ешбір себепсіз мектептегі сабақтарын босатқан ата-аналарға айыппұл салу туралы шешім қабылданды. Бір ай ішінде жеті күннен артық босатқаны үшін ата-аналарға $95 тең сомада айыппұл салынады.         

Жаңа шара қоғамда кереғар ойлар туғызды. 

Кейбір парламентарийлердің пікірі бойынша, балалардың нашар қатысуы негізінен оқыту деңгейі төмен мектептерде байқалады. Сондықтан ата-аналар өз балаларын репетиторларға жіберуге мәжбүр, ал бұл сабақтарды босатуға әкеп соғады. Сөйтіп, ауқатты ата-аналар өз балалары репетиторлармен сабақ оқуы үшін алдын ала айыппұл төлей алады.        

Жаңашылдықты қолдайтын адамдар мұндай шара әбден орынды деп санайды. 

Біріншіден, бұл балалар еңбегін пайдалану проблемасына қатысты жағдайды жақсартуға жол береді.  Кейбір отбасыларда балаларды ерте еңбекке жұмылдырады, сөйтіп мектептен алыстатады.   

Екіншіден, Әзірбайжанның бірқатар өңірлерінде ерте некені құптайтын дәстүрлі көзқарастар басым. Мұндай некелер әдетте жас адамдармен, әсіресе, қыздар арасында білім алу мүмкіндігінің жоқтығына әкеп соғады.      

Жаңа норманы қолдаушылардың мәлімдеуі бойынша, тек мемлекет қана емес, сонымен бірге ата-аналар да балалардың білімі үшін жауапты болуы тиіс. 

Жаңа оқу жылынан бастап Түркіменстанның мектептері мен жоғары оқу орындарында қытай және жапон тілдері енгізіледі

Түркіменстан: алтын ғасыр, 27.11.2015

2016-2017 оқу жылы Түркіменстанның бірқатар мектептері мен жоғары оқу орындарында екінші шет тілі ретінде қытай және жапон тілін меңгеру енгізіледі. Бұл бастама Түркіменстанның ҚХР және Жапониямен қатынасты дамыту перспективаларының, сондай-ақ экономиканың базалық салаларында ірі бірлескен жобалады іске асырудың ескерілуімен жүзеге асырылады.

Осылайша, Түркіменстан экономика мен басқарудың мемлекеттік институтында әлем экономикасы, әлемдік қаржы нарығы, халықаралық ақпараттық бизнес секілді мамандықтар бойынша студенттер қазірдің өзінде қытай тілін меңгеруде. Түркіменстан көлік пен байланыс мемлекеттік институтында «Кеме құрылысы» мамандығының студенттері жапон тілін үйренуде.     

2016 жылы РФ-те ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жаңа білім беру стандарттары енгізіледі

Lenta.ru, 03.12.2015

2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап РФ-те инклюзивті білім берудің жаңа стандарттары енгізіледі. Ерекше қажеттіліктері бар әр бала үшін жеке «жол картасы» әзірленеді.    

Стандарттар бірінші сыныптан бастап кезең-кезеңмен енгізіледі. Жыл сайын оларға бір сыныптан қосылып отырады. Сөйтіп, 2026 жылға қарай инклюзивті білім беруі бар барлық мектептерде жаңа стандарттар пайдаланады.        

Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету үшін жаңа жабдық пен арнайы оқу материалдары қажет. Сонымен қатар, дефектологтарды, логопед пен психологтарды даярлау керек.      

Осыған орай, стандарттар инклюзивті білім беруге көшуге дайын мектептерде ғана қызмет ететін болады. Бүгінгі таңда мұндай мектептердің саны 10 мыңға жетеді, бұл 2011 жылға қарағанда 80%-ға көбірек.      

Қоғамдық пікірді зерттеудің бүкілресейлік орталық деректері бойынша, ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының 50% астамы өз балаларының инклюзивті білім алуын қалайды. Жалпы білім беретін мектепке баратын оқушылардың ата-аналарының 70% астамы өз балаларының ереше білім беру қажеттіліктері бар замандастармен бірлесіп оқуына қарсы емес.   

Барлық ел бойынша инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету үшін бірнеше ондаған млрд. рубль талап етіледі деп күтілуде.  

Мәскеуде балабақшаларды электрондық карта арқылы кіру жүйесімен жабдықтайды  

ТАСС, 23.11.2015

2016 жылдан бастап 1 мың мәскеулік балабақша «Электрондық карта бойынша өту және тамақтану» жүйесімен қамтылады. Қазіргі уақытта жүйемен 510 балабақша жабдықталған.    

Анықтама үшін: «Өту және тамақтану» ақпараттық жүйесі – Мәскеу қаласында 2012 жылдан бастап электрондық карталар көмегімен білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша іске асырылатын жоба. 1600 мектепте қызмет етеді. Карта оқушы келуін сәйкестендіретін мектептік төлем құралы болып табылады.      

Сөйтіп, енгізілетін карта жүйесінің арқасында тек ата-аналар мен олардың сенімді адамдары ғана баланы мектепке дейінгі ұйымға әкеліп, әкете алады. Ата-аналар онлайн режимінде бала балабақшаға қашан келді, оны кім әкелгені туралы ақпарат ала алады. Хабарлама «Мәскеу мемлекеттік қызметтері» мобильдік қосымшадағы push-хабарлама көмегімен, не болмаса мемлекеттік қызметтердің мәскеулік порталындағы жеке кабинетке жіберілуі мүмкін.  

Карталарды пайдалану балалардың қауіпсіздігін арттырып, мектепке дейінгі ұйымның аумағына бөгде адамдардың келуіне жол бермейді. 


Дайджестті әзірлегендер:

Н.Черкашина, Д.Ташибаева, Г.Кусиденова,

Д.Алимханова, А.Ескендирова, А.Сейтказина