You are here

«Білім сапасы зерттеулерінің нәтижелерін қолдану: мәселелері және келешегі» атты II Халықаралық конференция

Printer-friendly versionPDF version

 

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ «Білім сапасы зерттеулерінің нәтижелерін қолдану: мәселелері және келешегі» атты халықаралық конференцияға қатысты (2016 жылғы 29-30 қыркүйек, Мәскеу қаласы).

Конференцияны Ресей Федерациясының Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі Федералдық қызмет ұйымдастырды.

Конференция жұмысына білім беру сапасын бағалау саласының сарапшылары ат салысты. Конференция спикерлері: Білім жетістіктерін бағалау жөніндегі Халықаралық Қауымдастықтың (IEA) президенті Анне - Берит Кавли және Оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі Халықаралық бағдарламаның (PISA) ЭЫДҰ аға менеджері  Питер Адамс және басқа шетелдік сарапшылар.

Қытай, Франция, Германия, Финляндия, Оңтүстік Корея, Канада өкілдері педагогикалық мамандарды даярлау жүйесін және мектептерді дамытуға арналған білім сапасының халықаралық зерттеулерінің нәтижелерін қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Конференция аясында қатысушылар PISA-2012 халықаралық зерттеуінде үздік нәтиже көрсеткен Мәскеу қаласының №1535 мектебіне барды.

Қазақстанның атынан «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ вице-президенті А.Құлтуманова және Халықаралық салғастырмалы зерттеулер департаментінің менеджері Н. Сабитова өкілдік етті.