You are here

«Білім және ғылым-табысты болашақ кепілі»

Printer-friendly versionPDF version

 

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы («Бірлік» филиалы) «Білім және ғылым - табысты болашақ кепілі» тақырыбына пікір алмасу алаңын ұйымдастырды.

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының «Білім» бастауыш партия ұйымында «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша білім және ғылымның сапалы даму сұрақтарын талқылады. 

Өз сөзінде «Білім» БПҰ Төрағасының орынбасары С. Ирсалиев: «Жаһандық бәсекелістік те өз азаматтарының зияткерлік әлеуетін дамытуға жүйелі түрде жағдай жасайтын елдер жеңіске жетеді. Сондықтан, оның негізгі басымдықтарының бірі барлық деңгейінде сапалы білім беру жүйесін дамыту болып табылады. Білім берудің барлық деңгейлерінде үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін  озық оқу бағдарламаларын енгізілетін болады. Біз инновациялық ойлайтын азаматтарды дайындау үшін сапалы білім берудің бәсекеге қабілетті жүйесін құрамыз», - деді.

№50 орта мектеп директорының айтуынша, Астана қаласының мектептерінде үштілділік білімнің енгізілуі жоғарға мектептерде ағылшын тілінде оқытылу арқылы кезең-кезеңімен іске асуда.

Қазіргі уақытта, 1-3 сыныптарда ағылшын тілін ерте оқыту енгізілген. Оған қоса, Астана қаласының 17 мектебінде үштілділік оқыту сәтті қолданста. Олар: №4, №5, №64, №9, «Зерде» мектеп гимназиялары, №48, №59, №70, №73 мектеп-лицейлерінде, Қыздармен жасөспірімдерге арналға ҚТЛ, «Мирас», «Көгілдір желқайық», «Нұр Орда», «Haileybury» және т.б. 2015 жылы үштілде сабақ беретін, дарынды балаларға арналған №81 «Astana English School» мектебі ашылған болатын», - деп ақпарат берді. 

Пікір алмасу алаңына Астана қаласының 20 мектебінің директорлары, «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы «Бірлік» филиалының Саяси Кеңесінің мүшесі В.Жексембекова, ақпарттық-насихаттау тобының мүшесі Р.Шер, Астана қаласы мәслихатының депутаттары Г.Қасенов, З.Жүсіпова, Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы «Бірлік» филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары Ә Қайшарова қатысты.