You are here

"Білімді ел - Образованная страна" газетінің баспасы АТО-ны 5-жылдық мерейтойымен құттықтады

Printer-friendly versionPDF version

"Білімді ел - Образованная страна" № 18 (55), 2016ж. 27 қыркүйек

30 қыркүйекте ҚР БҒМ "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ өзінің бірінші кішігірім мерейтойын - 5 жылдығын атап өтеді!

"Білімді ел - Образованная страна" баспасы өзінің тұрақты ақпараттық серіктесін - АТО ұжымын шын жүректен құттықтайды!

АТО миссиясы - білім беруді дамыту саласындағы халықаралық тенденцияларға өзекті талдау жүргізу, білім беру ұйымдары мен стейкхолдерлер үшін әлемдік және қазақстандық ең озық тәжірибені тарату және жүйелендіру арқылы Ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. АТО жұмыс істеген мерзім ішінде білім беру саласындағы мемлекеттік секторға арналған жоғары сапалы ғылыми-талдау қызметтерін ұсынатын сенімді әрі объективті ұлттық қызмет көрсетуші болды. Бұнда еліміздің білім беру саласындағы үздік сарапшылар-талдаушылар қызмет етеді, біз олардың мақалаларын газетімізге аса қуанышпен үнемі жариялап отырамыз - біздің оқырмандар оларды үнемі күтеді!