You are here

Бірлік бар жерде – тірлік бар!

Printer-friendly versionPDF version

 

 

Жақынға рақым және қолғабыс беру – әрқайсысымызға жақсылыққа сену, адами келбетті жоғалтпауға көмектеседі. Кейде уақытымен берілген көмек адам өміріне, тағдырына тікелей әсер етуі мүмкін.  

Қолдаудың кез-келген түрінің маңыздылығын түсіне отырып, «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ ұжымы «Көмек-Help» әлеуметтік көмек орталығы ұйымдастырған акцияға белсенді қатысты. 2015 жылғы 18 қарашада ұжымның әр мүшесі жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қарт кісілерге, бейімделу орталықтарына, балалар үйлеріне және дағдарыс орталықтарына көмек беруге тырысты.

Көмек бұл тікелей қатысу ғана емес. Өз үлгіңмен, ісіңмен, нақты нәтижелермен де көмектесуге болады! Жасалған әрбір жақсы іс барлық  айналадағыларға жақсы әсер ететініне сенімдіміз.