You are here

Біз 5 жасқа толдық!

Printer-friendly versionPDF version

 

Біз бес жасқа келдік. Біз ерте даму кезеңінен шығып келеміз. Адам үшін де, ұйым үшін де бұл - өте маңызды мерзім. Өйткені өмірдің алғашқы жылдары  бас миының, ақылдың, танымдық қызметтің, әлеуметтік және келешектегі табысты қамтамасыз ететін басқа да маңызды дағдылардың 90% қалыптасады.

АТО бас миының 90%-ы қалыптасты деуге болады, біз келешекте жемісті еңбек ету үшін қажетті дағдыларға ие болдық.

Біз барлық әріптестерімізге, туған Білім және ғылым министрлігіне, серіктестерімізге, АТО құрылуына атсалысқан, біздің орталықта жұмыс істеген барша қауымға ынтымақтастық үшін, қолдау көрсеткендері үшін және Қазақстанның білім беру жүйесіне үздік бастамалар мен тәжірибелерді енгізу жолындағы бірлескен еңбектері үшін алғыс білдіреміз.

АТО-ның әр қызметкеріне аянбай еткен еңбегі, жан-тәнімен толық беріліп жұмыс істегені, біздің құндылықтарымызды ұстанғаны үшін жеке алғыс білдіреміз. Әрқайсысыңыз бірегей әрі маңызды тұлғасыз.

Алдымызда көптеген ұлы істер күтіп жатыр. Алдымызда жаңа ұлы асулар күтіп жатыр. Оларға қол жеткізудегі әрқайсысыңыздың үлесіңіз өте бағалы.

Серік Ырсалиев
Орталықтың Президенті