You are here

Дипломалды тәжірибеден өту – болашақта табысты жұмысқа тұру мен мансапқа апаратын жол

Printer-friendly versionPDF version

 

"КазГЮУ университеті" АҚ студенттері ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 2016 жылғы 15 ақпан мен 22 сәуір аралығында "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-да дипломалды тәжірибеден өтті.

Білім беру статистикасы департаменті директорының орынбасары Мираим Атанаева, Бағдарламалық құжаттар мониторингі департаменті директорының орынбасары Тимур Бұлдыбаев, Халықаралық салғастырмалы зерттеулер департаментінің бас сарапшысы Әйгүл Есенғалиева, Халықаралық салғастырмалы зерттеулер департаментінің менеджері Руслан Ибраев сияқты орталықтың тәжірибелі қызметкерлері, өз ісінің шеберлері практиканттардың тәлімгерлері болды. 

Тәжірибе студенттерге болашақ мамандық кәсіби маңызды қасиеттерін анықтауға, оқу барысында алынған теориялық білімдерін меңгерілуін тексеруге,  өзінің кәсіби тандауының дұрыстығын тереңірек түсінуге көмектесті.  

Тәжірибе барысында студенттер ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибе алды, олардың өз қызметін дербес жоспарлауға, аға әріптестермен пайдалы байланыстарды орнатуға және рольдік кәсіби позицияны анықтауға мүмкіндіктері пайда болды.

Тәжірибенің соңғы күні Орталықтың вице-президенті Қамзолдаев Марат Болысбекұлы студенттермен жеке кездесіп, оларға оқуларын табысты бітіріп, мансаптың басында табыс тілеп, оларға естелік сыйлық табытады.