You are here

Дүниежүзілік банкінің білім беруді жаңғырту жөнінде жаңа ауқымды жобасын талқылау

Printer-friendly versionPDF version

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

АСТАНА, 2015 жылғы 23 қыркүйек – бүгін Дүниежүзілік банкінің білім беруді жаңғырту жөнінде жаңа ауқымды жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Дүниежүзілік банк пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Адами капиталды дамыту үшін білім беру жүйесін дамыту және жаңғырту» атты бірлескен жобаға үстіміздегі жылдың басында бастамашылық жасалды және қазір ол жоспарлау кезеңінде.

Бұл жоба Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарын іске асыруды қолдауға бағытталған. Негізгі мақсат – білім берудің сапасын және халықаралық тәжірибе негізінде білім беру саласында теңдікті арттыру.

Жоба мынадай реформаларды қамтуды көздейді: 12 жылдық білім беруді енгізу, педагогикалық білім беруді жаңғырту, бағалау жүйесін жақсарту, шағын жинақталған мектептерді дамыту, мектептердегі жан басына шаққандағы қаржыландыру пилоты және т.б. Жобаның ұзақтығы – 5 жыл.

Жобаны талқылауға ҚР БҒМ құрылымдық бөлімшелері, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Назарбаев Университеті» ДБҰ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ, Ұлттық тестілеу орталығы, Қаржы орталығы, Ақпараттық-талдау орталығы, Астана қ. Білім беру басқармалары мен мектептерінің өкілдері қатысты.

Дүниежүзілік банк командасы ашық диалог үшін пікірталастың барлық қатысушыларына алғысын білдірді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша жобаны анағұрлым егжей-тегжейлі талқылау үшін қосымша кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды.