You are here

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) туралы анықтама

Printer-friendly versionPDF version
1. ЭЫДҰ мақсаттары мен қызмет ету ерекшеліктері.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 1961ж. құрылды, АҚШ және Канада тарапынан Екінші Дүниежүзілік Соғыс нәтижесінде зардап шеккен еуропа елдеріне көмек көрсетуді үйлестіру мәселелерімен айналысқан Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЕЭЫҰ) орнын басушы болып табылады. 
ЭЫДҰ мақсаттары мүше елдердің өмір сүру деңгейін арттыруға, жоғары және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған және үйлестірілген саясатты жүргізу болып табылады. Сонымен қатар, ЭЫДҰ өз қызметінің басым бағыттары ретінде ұйымға мүше елдердің және ЭЫДҰ-ына кірмейтін, бірақ экономикалық даму жолындағы елдерде ақылға қонымды және дәлелденген экономикалық теорияларды іске асыруды, және халықаралық міндеттемелерге сәйкес көпжақты кемсітпеушілігі жоқ негізде халықаралық сауданы дамытуды анықтады. ЭЫДҰ шеңберінде экономикалық айырбастың ең маңызды тәжірибелік мәселелерін реттеу жүзеге асырылады, әлемдегі ең ірі елдердің әлеуметтік-экономикалық даму перспективасы анықталады, сондай-ақ кейіннен халықаралық шарттар мен келісімдерде көрініс табатын жаңа әлемдік экономикалық мәселелерді шешуге теориялық көзқарастар әзірленеді.
 
2. ЭЫДҰ құрамына кіру не береді?
  1. Бедел. ЭЫДҰ-ға кіру тікелей қаржылық табыс әкелмейді, өйткені Ұйым қаражатты өз мүшесiне де, ынтымақтастықтағы елдерге де бөлумен айналыспайды. ЭЫДҰ құны (және оның меншігі) экономикалық және әлеуметтік саясаттың озық тәжірибесімен алмасудың өзіндік клубы болып табылады.
  2. Тәжірибе алмасу. ЭЫДҰ мүшелері ұзақ уақыт бойы озық елдердің жинаған нарықтық экономиканы басқару тәжірибесіне тікелей және шектеусіз (құпия ақпаратты қоса алғанда) қол жеткізе алады.
  3. Рейтингті жоғарылату. ЭЫДҰ мүше болу қаражатты бөлумен айналысатын халықаралық ұйымдар,  жеке несие мекемелері мен инвесторлар үшін «рейтинг көрсеткіші» болып табылады. ЭЫДҰ мүше болу, сонымен қатар ЭЫДҰ-мен бағалану елдің егеменді рейтингтеріне, демек елдің инвестициялық мүмкіндіктеріне тікелей және оң әсер етуі мүмкін.
​3. ЭЫДҰ құрылымы.
Негізгі шешімдерді қабылдайтын орган ЭЫДҰ Кеңесі болып табылады, оның құрамына барлық мүше елдердің тұрақты өкілдері – елшілері және Еуропа одағының өкілі кіреді. Жылына бір рет ЭЫДҰ бас хатшысы төрағалығымен (2006 жылдан бері Анхель Гурриа) Кеңес министрлер деңгейінде, яғни Ұйымға мүше немесе онымен ынтымақтастықтағы елдердің экономика және сыртқы істер министрлерінің қатысуымен жиналады.
Мәселелрді талқылау және шешімдерді дайындау комитеттерде және жұмыс топтарында жүзеге асырылады.
ЭЫДҰ хатшылығы келесі директораттардан тұрады:
  • Қаржы және кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі директорат;
  • Даму мәселелері бойынша ынтымақтастық жөніндегі директорат;
  • Сауда және ауылшаруашылық жөніндегі директорат;
  • Экономика мәселелері жөніндегі директорат;
  • Білім беру мәселелері жөніндегі директорат;
  • Жұмыспен қамту, еңбек жіне әлеуметтік мәселелер жөніндегі директорат;
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі директорат;
  • Мемлекеттік басқару және аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі директорат;
  • Статистика директораты;
  • Ғылым, технологиялар және өнеркәсіп жөніндегі директорат.
Қазіргі кезде ЭЫДҰ құрамына 34 ел кіреді. 
 
4. Қаржыландыру.
ЭЫДҰ Хатшылығының жұмысын мүше-елдердің қаржыландырады. Әрбір қатысушының жылдық бюджетке салынатын үлесінің көлемі елдің экономикалық әлеуетіне негізделген формула бойынша анықталады. Қаржыландырудың ең көп үлесі АҚШ, содан кейін Жапония, Германия, Франция, Ұлыбританияға тиесілі.
ЭЫДҰ-ның жылдық бюджеті 345 млн. еуро құрайды.
 
5. Комитеттер.
ЭЫДҰ мүше елдердің өкілдері тиісті мамандандырылған комитеттер аясында бір-бірімен кездеседі және ақпарат алмасады. Ұлттық үкіметтердің немесе мүше-мемлекеттердің тиісті тұрақты миссиялардың өкілдері жұмыстарына қатысатын бұл комитеттер Хатшылығы сияқты Парижде орналасқан. Барлық жұмыс шешімдер қабылдауға өкілеттігі бар Кеңестің басшылығымен жүзеге асырылады.
Кеңес әр мүше-мемлекет тарапынан бір-бір өкілден және Еуропалық Комиссияның өкілінен тұрады. Кеңес өз жиналыстарын ЭЫДҰ мүше-елдердің елшілері деңгейінде тұрақты түрде өткізеді, бұл жиналыстарды Ұйым қызметінің жалпы бағыттары анықталады.
Жылына бір рет министрліктер басшылары деңгейінде Кеңес отырысы өткізіледі, бұған сыртқы істер, қаржы және т.б. министрлер қатысады, олар ең маңызды мәселелерді көтеріп мен оларға жұртшылық назарын аудартады, сонымен қатар алдағы жылға арналған ЭЫДҰ жұмысы үшін басымдықтарды анықтайды.
Мамандандырылған комитеттер өз отырыстарын жаңа идеяларды дамыту және сауда, мемлекеттік секторындағы  кәсіпорындарды басқару, дамыту саласында көмек көрсету, қаржы нарығы салаларында прогресті бағалау үшін өткізеді. ЭЫДҰ органдарының құрамында 200-ден астам комитеттер, жұмыс және сарапшы топтары бар.
Барлық ЭЫДҰ комитеттері жылына екі рет және тек біржарым күнге кездеседі. Комитеттердің отырыстарында Комитеттің жұмыс жоспары бекітіледі, елдердің шолулары қарастырылады.
2013 жылдан бастап ЭЫДҰ комитетіне ену тәртібі өзгерді, егер бұрын өтініш-хат жолдау ғана жеткілікті болса, енді ЭЫДҰ мүшелері болып табылмайтын, бірақ оның бірнеше бағдарламаларына, жобаларына, сондай-ақ Комитеттің отырыстарына қатысатын барлық елдер ЭЫДҰ серіктес елдері болып табылады.
Әрбір Комитет ЭЫДҰ мүше емес елдерге 2 жылдық қатысу жоспарын бекітеді.
Ағымдағы ынтымақтастықтың форматы:
  1. Қонақтың мәртебесі - дауыс беру құқығын бермейді, елге қаржылық міндет артпайды. Қатысу  жоспарына енгiзілген жағдайда Комитеттің қалауы бойынша шақырылады.
  2. Қатысушы мәртебесі - шексіз уақыт мерзімінде комитеттердің, жұмыс топтарының барлық отырыстарына және форумдарға қатысуға құқылы. Қатысушылар Комитеттің барлық талаптары мен шарттарын қабылдайды, соның ішінде 10 600 еуро жылдық немесе 3 600 еуро Комитеттің әрбір жұмыс органына қатысу үшін (бірақ Комитеттің жұмыс органдарына қатысу үшін 10 600 еуродан артық емес) жарнасын енгізеді. Қатысушының талқылауға қатысуға, күн тәртібіне енгізу үшін тақырыптарды ұсыну құқығы бар, бірақ ол шешім қабылдау процесіне қатыспайды.
  3. Қауымдастырылған мүшесі мәртебесі - елдің комитетке кіруді қарастыратын мәселелерден басқа шешiмдер қабылдау процесiне қатысуға құқығы бар. Бұл $20 000 - 50 000 евро жылдық жарнаны төлеуді қарастырады.
​Елдің тәжірибесі, олардың айтуынша, өнеркәсіп салысында табысты тәжірибе үлгісі болып табылса, комитеттері елдің қосылуы туралы мәселеге ашық келеді. Сондай-ақ, Комитет ынтымақтастықты оның жұмыс органдары және жаһандық форумдар арқылы жүзеге асыруды қолдайды. Комитет бастамаларында, отырыстарында, жұмыс топтарының кездесулерінде, жаһандық форумдарда елдердің белсенді қатысуы елді мүшесі немесе қауымдасқан мүшесі ретінде қабылдауға үлес қосатын құралдарының бірі болып танылады.
 
6. Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы.
Елбасының тапсырмасына сәйкес 2010 жылдан бастап ЭЫДҰ-мен қарым-қатынасты тереңдету жұмысы жүргізіліп келе жатыр.
Бұл жұмысты үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы №1406 қаулысымен ЭЫДҰ ынтымақтастық жөніндегі кеңес құрылды. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
2013 жылдан бастап, Қазақстан Еуропалық Одақ елдерімен қатар ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының Орталық-Азиялық Бастамасының тең төрағасы болып табылады. Қазақстан осы ұйымның мүшесі емес, бұл басқару органының құрамына кірген алғашқы ел болды.
Орталық-Азиялық Бастамасының Басқару комитетінің тең төрағасы ҚР Президенттің көмекшісі Е.Орынтаев болып табылады.
Қазақстан ЭЫДҰ-мен екі бағыт бойынша белсенді ынтымақастық жасасады:
Бірінші. ЭЫДҰ бірлескен жобаларды іске асыру.
Екінші. Ұзақ мерзімді перспективада ЭЫДҰ комитетімен ынтымақтастықты тереңдету .
Бірінші бағыт шеңберінде Еуропалық Одақ пен Қазақстан бірлесіп қаржыландырылады екі жоба іске асырылуда. Жобалар Орталық-Азиялық бастамасы ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл жобалар мемлекеттік реттеу жүйесін оңтайландыруға және үш пилоттық өңірлерде ШОБ инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.
Келесі жылдан бастап, жер қойнауын пайдалану, инновациялық және секторлар бойынша бәсекелестік қабілетін арттыру саласында үш жаңа жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.
2010 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі кезеңде ЭЫДҰ сарапшылары инвестициялық және ауыл шаруашылығы саясатын зерттеулер жүргізді. Қазір функционалдық шолу, аумақтық шолу, нормативтік саясатқа шолу және орта білім беру саласындағы саясатқа шолу жүзеге асырылады.
2014 жылы ЭЫДҰ осы саладағы Қазақстанның үрдісін талдау үшін Қазақстанның инвестициялық саясатына тағы бір шолу жүргізуді ұсынады.
Екінші бағыт шеңберінде ЭЫДҰ ұсынымдарын дәйекті жүзеге асыру арқылы ЭЫДҰ ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл ұлттық заңнаманы Ұйымның стандарттарына сәйкес келтіруді қамтиды.
Қазіргі уақытта Қазақстан ЭЫДҰ он екі Ғаламдық форумы мен он екі комитетімен ынтымақтасады. Қазақстан – болат Комитеті, Индустрия, инновациялар және кәсіпкерлік жөніндегі комитеттің мүшесі. Қазақстан ауыл шаруашылығы және салық салу мақсаттарында ашықтық және ақпарат алмасу, бәсекелестік жөніндегі ғаламдық форумдардың тұрақты мүшесі болды. 2007 жылдан бастап, Қазақстан Стамбул іс-шаралар жоспарын бойынша шолулар шеңберінде ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы желінің қатысушысы болып табылады. Ынтымақтастық білім беру, аумақтық даму, мемлекеттік басқару, нормативтік саясат, денсаулық сақтау, статистика және болат жөніндегі комитеттермен жүзеге асырылады.
 
7. Елдік Бағдарлама жобасы.
Премьер-Министр С.Ахметовтің 2013 жылғы 20 қыркүйектегі Парижге барған іс-сапарының қорытындысы бойынша ЭЫДҰ Кеңесі Негіздемелік келісім немесе Елдік бағдарламаға қол қою бастамасы ұсынылды. Елдік бағдарламаның қабылдау мақсаты ынтымақтастық салаларын кеңейту және айтарлықтай тәжірибесі мен әлеуеті бар жаңа салаларды қамту, сондай-ақ тараптардың арасындағы ынтымақтастықты құрылымдау болып табылады. Бағдарлама ЭЫДҰ құқықтық құжаттарын, ЭЫДҰ декларацияларын және ЭЫДҰ Кеңесінің ұсынымдарын енгізуге бағытталды. Олардың кейбіреулеріне қосылу ЭЫДҰ елдерінде жұмыс істесе де, Қазақстанда белгілі бір халықаралық нормаларды ратификациялау және жүзеге асыруды талап етеді.
2014-2016 жылдарға арналған Елдік бағдарламаның жобасы шеңберінде ЭЫДҰ жобалары мен шолуларын іске асыру ұсынылды. Жобалар мен шолуларды іске асыру мерзімі 3 ай мен 48 ай аралығында әр түрлі болуы мүмкін. Барлық жобалар мен шолулар қазақстандық тараптан қаржыландырылатыны күтілуде. Бұл жобалардың жалпы құны ЭЫДҰ Комитеттері мен жұмыс топтарына мүшелік жарналарды қоспағанда, шамамен 2 млн. еуроны құрайды.  Қазақстан бойынша бағдарлама 2014 жылдың ақпан айында ЭЫДҰ Кеңесінің шешімімен қолдау тапты. 
 
Қазақстанның ЭЫДҰ-ның Комитеттері мен жұмыс органдарына қатысуы
1. Мемлекеттік басқару комитеті ЭБЖМ Қазақстан функционалдық шолу шеңберінде ынтымақтастық жасасуда
2. Денсаулық сақтау жөніндегі комитет ДСжӘҚМ Екіжақты қарым-қатынас орнатылды 
3. Инвестициялар жөніндегі комитет ЭБЖМ Қазақстанға Халықаралық инвестициялар мен көпұлтты мекемелер декларациясына қосылу ұсынылды
4. Бәсекелестік жөніндегі комитет БҚА ЭЫДҰ 2015 жылы бәсекелестікті қорғау саласында саясатқа шолу жасау ұсынылды
5. Білім беру жөніндегі комитет БҒМ

Қазақстан ЭЫДҰ-ның PISA бағдарламасына қатысады. Білім беру саласында Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы жобалар: "Ұлттық білім беру саясатына шолу: Қазақстандағы орта білім";

"ЭЫДҰ техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі шолуы";

"Мектеп ресурстарын пайдалану тиімділігін жақсарту жөніндегі саясатқа шолу";

"Балалардың ерте дамуы мен күтімі бойынша ЭЫДҰ зерттеуі".

6. Индустрия, инновациялар және кәсіпкерлік жөніндегі комитет ИЖТМ 2013 жылдан қатысушысы болып табылады 
7. Болат жөніндегі комитет ИЖТМ Қатысушы
8. Аумақтық даму саласындағы саясат жөніндегі комитет АДМ Аймақтық саясатқа шолуды өткізу шеңберінде қатысады
9. Реттеу саясаты жөніндегі комитеті АДМ Қазақстан функционалдық шолу шеңберінде ынтымақтастық жасасуда
10. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет ҚОСРМ Екіжақты қарым-қатынас орнатылды
11. Статистика комитеті СА Екіжақты қарым-қатынас орнатылды
12. Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі комитет  ЕХӘҚМ Екіжақты қарым-қатынас орнатылды
13.
Ашықтық және салық мақсаттары үшін ақпараттық алмасу жөніндегі жаһандық форум 
ҚМ 2012 жылдан бері қатысушысы болып табылады, салық саласында ынтымақтастық жасасу мәселелері жөніндегі ЭЫДҰ конвенциясының жобасына қол қою бойынша дайындық жұмысы жүргізілуде 
14. Ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі жаһандық форум АШМ Қатысушы
15. Бәсекелестік жөніндегі жаһандық форум БҚА Қатысушы
16. Жемқорлыққа қарсы желі  ЭСҚКА Қатысушысы, 2014 жылы ЭЫДҰ Стамбул іс-шаралар жоспары шеңберінде сыбайлас жемқорлық саласында саясатқа шолу жаңа үшінші кезеңін өткізу жоспарлануда

 

ЭЫДҰ бастамалары
17.
Еуразиялық бәсекегеқабілеттілік бағдарламасы  
Орталық Азия елдерінің бастамасы бағдарламасының тең төрағасы 
18.
CleanGovBiz жемқорлыққа қарсы бастамасы 
Қатысу және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стамбул жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыспен біріктіру мүмкіндігі қарастырылуда 
19.
Табиғи ресурстарды өндіру негізінде дамыту мәселелері бойынша саяси диалог (Дамыту орталығы шеңберінде) 
Қатысу мүмкіндігі қарастырылуда