You are here

Еліміздің 38 мектебінен 703 сегізінші сынып оқушысы ICILS-2018 апробациялық зерттеуіне қатысты

Printer-friendly versionPDF version

 

2017 жылғы 15-20 мамырда Астана қаласы, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 38 мектебінен 703 сегізінші сынып оқушысы ICILS-2018 апробациялық зерттеуіне қатысты.

Зерттеу ICILS-2018 негізгі зерттеу құралдарын сынақтан өткізу мақсатында жүргізілді.

Тестті сынақтан өткізу үшін IEA Білім беру жетістіктерін бағалайтын халықаралық қауымдастық әзірленген (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) ICILS-PLAYER компьютерлік бағдарламасы қолданылды.

Сауалнамаға мектеп директорлары мен пән мұғалімдері қатысты (АКТ оқу процесінде қолдану, сандық білім беру ресурстарының қолжетімділігі, компьютерлік инфрақұрылым және т.б.).

Апробация нәтижелері зерттеу технологиясына сәйкес өңделіп, WinW3S халықаралық қорына енгізілетін болады.

21-ғасырда негізгі дағдылардың бірден-бір деңгейін анықтайтын халықаралық тесттің апробациясы мектептерде Қазақстанда ICILS зерттеуінің ұлттық үйлестірушісі «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-тың тікелей қатысуымен өтті.