You are here

«Ерте балалық шақтың түрлендіру күші: Инклюзивтікті және сапаны қамтамасыз ету мүддесіндегі инновациялар» тақырыбындағы ІІ Азия-Тынық мұхиты өңірлік форумы

Printer-friendly versionPDF version

 

"Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ 2016 жылғы 19-21 шілдеде Путраджайя қаласында (Малайзия) өткен ерте жастағы балалардың тәрбиесі және оқыту бойынша ІІ Азия-Тынық мұхиты өңірлік форумға қатысты. Форумның тақырыбы: «Ерте балалық шақтың түрлендіру күші: Инклюзивтікті және сапаны қамтамасыз ету мүддесіндегі инновациялар». Азия және Тынық мұхиты елдерінің сарапшылары мен саясаткерлері мектепке дейінгі тәрбие және оқыту (МДТО) саласында әзірлеген және жүзеге асырған саясаты бойынша қызметтен алған тәжірибемен алмасатын платформаны қамтамасыз ету. Сонымен қатар, форумда өңірде МДТО сапасын және теңқұқықтығын жетілдірудің инновациялық стратегиялары талқыланды. 

Форумға 46 мемлекеттің, Малайзия Білім министрлігінің, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ARNEC өкілдері қатысты. 

Форум барысында Азия-Тынық мұхиты өңірінің әртүрлі мемлекеттері барлық балаларға арналған сапалы мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз ету мәселелері бойынша негізгі жетістіктерімен бөлісті. Саясатты қалыптастыруға, қызметтермен қамтамасыз етуге, қаржыландыруға және инвестицияларды көбейтуге; балалардың жан-жақты дамуы үшін жұмысты үйлестіру механизмдеріне, сонымен қатар, МДТО сапасын жетілдіру үшін педагогикалық тәсілдерге және адами ресурстарды дамытуға баса назар аударылды.  

Форумның қорытындысы бойынша Азия-Тынық мұхиты өңірінің МДТО саласындағы басымдықтарын және Тұрақты дамудың мақсаттарына, атап айтқанда 4.2-Мақсатқа: "2030 жылға дейін барлық қыз балалар мен ұл балаларға олардың бастауыш білімге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында сапалы білімге, ерте балалық шақтағы қамқорлыққа және мектепке дейінгі білім беруге қолжетімділігін қамтамасыз етуге" жету үшін стратегияны айқындайтын декларация қабылданды. 

"Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ бас талдаушысы Коротких Елизавета Георгиевна Путраджайя декларациясының жобасын талқылағанда және өзгертулер енгізгенде Орталық Азия өңірінің атынан өкілдік етті. Оның ұсынысымен декларацияның мәтініне ТДМ 4.2-Мақсатын жүзеге асыру шеңберінде балалардың дамуы және оқыту нәтижелеріне мониторинг жасау және бағалау өткізу керектігі туралы өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.