You are here

Ерте оқыту мен дамыту жүйесінің кадрлар құрамы ЭЫДҰ халықаралық зерттеудің 2-ші кеңейтілген мәжілісі

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылдың 24-26 қарашасында  Копенгаген қаласында (Дания) Ерте оқыту мен дамыту жүйесінің кадрлар құрамы ЭЫДҰ халықаралық зерттеудің 2-ші кеңейтілген мәжілісі  өткізілді. Кездесу «2015 жылы балаларға ерте оқыту мен күтім жасау бойынша ЭЫДҰ зерттеу» жобасы аясында өтті.

Мәжіліс жұмысына 14 елден ЮНЕСКО мен  Еврокомиссияға мүше делегаттар қатысты. 26 қарашада құрамында 53 елдің делегаттары бар TALIS-2018 зерттеуге қатысушы-елдердің Комитетімен бірлескен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында ЭЫДҰ Директораты зерттеу барысы туралы есептік материалдарын, қаржыландырудың жаңартылған жоспарын ұсынды. ЭЫДҰ жүзеге асырылып жатқан жобалардың экономикалық және іс жүзіндегі пайдасын арттыру үшін әртүрлі зерттеулердің арасындағы синергияны қамтамасыз ету қажет екендігін мойындайды.  Осыған байланысты кездесуде «Ерте оқыту мен тәрбиелеу  жүйесінің кадрлық құрамын» ЭЫДҰ  зерттеу интеграциясына  баса назар аударылды.

Ерте жастағы балаларға білім беру мен күтім жасау бойынша ЭЫДҰ  қоғамдастық Хатшылығының өтініші бойынша, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиені дамыту «АТО» АҚ  департаментінің менеджері А. Ескендирова «МДТО (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту) жүйесін кадрмен қамтамасыз етуде Қазақстанда қолданылатын көрсеткіштер» (Use of policy-driven indicators in Kazakh ECEC staff system) тақырыбында баяндама жасады. Қазақстанның таныстыру құрамында келтірілген және департамент қызметкерінің талқылау барысында айтқан зерттеу әдістемелері жөніндегі Ұсыныстары кездесу материалдарына қоса тіркелді. Мәжіліс қорытындысы бойынша  «2016 жылы балаларға ерте оқыту мен күтім жасау бойынша ЭЫДҰ зерттеу» жобасын жалғастыру бойынша іс-шаралар жоспары анықталды.