You are here

Ерте жастағы балалар дамуының Тұжырымдамалық негіздері жобасын дайындау бойынша жұмыс тобының отырысы

Printer-friendly versionPDF version

2014 жылдың 7 қарашасында «Ақпараттық – аналитикалық орталық» АҚ-ның Президенті С.А.Ирсалиевтың төрағалық етуімен  «Қазақстан Республикасында балаларды ерте жастан дамытудың Тұжырымдамалық негіздері» Аналитикалық есебін дайындау бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Отырысқа ҚР БҒМ-нің мектепке дейінгі және орта білім беру, ақпараттық технологиялар Департаменті басқармасының жетекшісі Султангазиев Ш.С., «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-ның бас неонатологы қатысты Жубанышев К.Б., Астана қалалық тұтынушылар құқығын қорғау Департаментінің балалардың мектепке дейінгі мекемелерге және жалпы орта білім беретін нысандарға қадағалау жасайтын санитарлық-гигиеналық бөлімінің басшысы Такамбаева Е.Ш., Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универстиетінің доценті Ермеков Ж.Т. және т.б. қатысты.

Зерттеудің өзектілігі балаларды ерте жастан дамыту шарттарын қамтамасыз ету бойынша мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі заңнамалық және нормативтік базалардың рөлінің айырықша болуында.

Отырыста әлемдік тәжірибелерді есепке ала отырып, баланы ерте жастан дамытудың өзектілігі, балаларды ерте жастан дамытудағы дені сау балалық негіздері, балаларды ерте жастан дамыту негіздері, балалардың ерте жастан дамуына бағытталған оқу стандарттары мен баланы дамытуға бағытталған білім беру бағдарламалары, кадрмен камтамасыз ету, балаларды ерте жастан дамытудағы ақпараттық кеңістік және т.б. ағымдық жағдайларын талдау мәселелері талқыланды.