You are here

Ерте жастағы балалардың дамуы мәселелері бойынша білім беру мен денсаулық сақтау салаларын үйлестіру жолында

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылдың 27 ақпанында Мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды дамыту департаменті «АТО» АҚ бала жастан пайда болған ауруларды Біріктіріп жүргізу Республикалық Орталығының үйлестірушісі, м.ғ.к. З.М.Оспановамен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуде Қазақстанда балаларды ерте жастан дамытудың ағымдық жағдайы, бала туған сәттен бастап бір жасқа дейін білім және медицинаны қоса алып жүруге қатысуының қазіргі жай-күйі талқыланды. Бұдан өзге, жанұяда баланы тәрбиелеу мен дамытуда ақпараттық қолдаудың жеткіліксіздігі, ата-аналарға арналған оқыту курстарының жоқтығы сияқты мәселелер де көтерілді.  

Кездесуге қатысушылар бала өмірінің алғашқы жылдарында жанұялық тәрбие беруге қолдау жасаудағы білім мен денсаулық сақтау саласының белсенді өзара қарым-қатынаста болуының маңыздылығын атап көрсетті. Осыған байланысты, үйде жанұяға біріктірілген әлеуметтік-психологиялық, медициналық және білім беру қызметін көрсету үшін патронаждық мейірбике-тәрбиешілер мамандықтарының кәсіби стандартын дайындау өзекті болып отыр.   

Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі  ЮНИСЕФ-пен бірге Қазақстандағы бала өлімі қатерлерін анықтау, ата-аналардың медициналық сауаттылықтарын арттыру жөнінде үлкен жұмыстар  жүргізуде.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар «Қазақстан Республикасында балаларды ерте жастан дамытудың Тұжырымдамалық негіздері» және оларды дамыту мақсатында күтім жасау идеялары аясында бірлескен іс-шаралар мен  жүзеге асыруға даяр екендіктерін білдірді.