You are here

Еуропа білім қоры сарапшысының қатысуымен өткен семинардың қорытындысы

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 29 қаңтарда Еуропа білім қоры (ЕБҚ) сарапшысы Ева Янсованың қатысуымен болған семинардың қорытындысы өтті. Семинар шеңберінде ЕБҚ сарапшысы Туриндік процесс 2016 жаңа Талдамалы жиектеменің негізгі компоненттерін ұсынды. 21 міндетті индикаторға шолу жасалды.

ҚР БҒМ кәсіби-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беруді жаңғырту департаментінің өкілдерімен бірге  тегін жұмыс мамандығын беру және жоспарланған жоба шеңберінде мақсатты топтарды анықтау үшін қажетті мәліметтерді картаға түсіру мәселелері қарастырылды.    

Ева Янсова «Білім және бизнес» зерттеуін өткізу, фокус топтарды қалыптастыру және ТжКБ жүйесінің түлектерін бақылау әдістемесін ұсынды.   

2016 жылы АТО және ЕБҚ «Туриндік процесс» зерттеуінің жаңа кезеңі шеңберінде белсенді қарым-қатынас жасайды. Қазақстан бойынша мәліметтерді жинау және талдау процесін сараптамалық қолдау еуропалық үздік тәжірибемен салыстырылуына мүмкіндік беретін Туриндік процес рәсімінің міндетті бөлігі болып табылады.