You are here

Еуропалық Білім беру Қорымен (ЕБҚ) серіктестік жоба аясында өңірлік семинарлар өткізілді

Printer-friendly versionPDF version

 

26-29 қазанда Еуропалық Білім беру Қорының (ЕБҚ) сарапшысы Кристин Хемшимайермен бірге ТжКБ дамыту департаменті И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжі, Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі және Павлодар мемлекеттік түсті металлургия колледжінің базасында «Қазақстан Республикасындағы білім және бизнес ынтымақтастығы» зерттеуі жөнінде семинарлар өткізді.

ЕБҚ-ның зерттеулер жүргізу тәжірибесі зерттеу нәтижелерін мүдделі тараптармен бірге талқылаумен және растаумен ерекшеленеді. Сол себепті, семинарларға қатысу үшін колледждердің, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және кәсіпорындардың өкілдері шақырылды.

Интерактивті тапсырламалар барысында семинарға қатысушылар ЕБҚ әзірлеген аналитикалық база бойынша колледждер мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастыққа дербес диагностика жүргізді. Кристин Хемшимайер тыңдаушыларды Еуро одақ елдеріндегі түлектерді қадағалау, сонымен қатар, білім және бизнес серіктестігі бойынша үздік тәжірибелермен таныстырды.

Семинар қатысушылары білім және бизнес арасындағы ынтымақтастықты  жақсарту түлектердің табысты жұмыспен қамтылуының басты шарты екенін атап өтті.