You are here

ЭЫДҰ-дың "Мектептерде ресурстарды тиімді пайдалану" зерттеуі аясында сыртқы сарапшы Ян Херчынскидің қатысуымен семинар-мәжіліс өтті

Printer-friendly versionPDF version

5-6 қазанда ЭЫДҰ-дың "Мектептерде ресурстарды тиімді пайдалану" жобасының нәтижесінде сыртқы эксперт Ян Херчынскидің қатысуымен семинар-мәжіліс өтті. Ян Херчынскидің білім беру саласын қаржыландыру, білім беру саласындағы саясат, білім беру саласындағы стратегияларды әзірлеу және талдау саласында 15 жыл тәжірибесі бар. Өтпелі экономикалы мемлекеттердің, оның ішінде, Албания, Беларусь, Болгария, Грузия, Косово, Қырғыз Республикасы, Литва, Македония, Молдова, Польша, Румыния, Сербия, Тәжікстан және Украинада қаржыландыру құралдарын әзірлеуге қатысқан.

Семинар-мәжіліске ҚР БҒМ-ның Экономика және қаржы департаментінің, "Қаржы орталығы" АҚ қызметкерлері, Қарағанды қаласының пилоттық мектептерінің директорлары және "АТО" АҚ жобалық ұжымы қатысты.

Семинар-мәжілісте мектептік білім беруді қаржыландыру, атап айтқанда, жан басына қаржыландыру және қаржылық ресурстарды үлестіру формулаларын анықтау бойынша материалдар көрсетіліп, кеңестер берілді. Сонымен қоса, транзиттік экономикалы мемлекеттердің жанбасына шаққандағы қаржыландыруға көшу тәжірибесі және оның Қазақстан үшін маңызы талданып, сондай-ақ, зерттеу нәтижесі бойынша ұсыныстар және ұсынылатын механизмдер әзірленді.

Семинар-мәжілістің қорытындылары бойынша мектеп жүйесіндегі пилоттау және жан басына шаққандағы қаржыландыруды ендіру бойынша материалдар, таныстырылымдар алынды.