You are here

ЭЫДҰ-дың жоғары білім беру саясатына елдік шолуы

Printer-friendly versionPDF version

 

2017 жылғы 15 наурызда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нде ЭЫДҰ-ның жоғары білім беру саясатына елдік шолуының презентациясы өтті.

ЭЫДҰ сарапшылар тобының атынан Білім және дағдылар жөніндегі директоратының бас талдаушысы Томас Веко, талдаушы Мари-Амели Доринг Сэр және Дүниежүзілік банктің білім жөніндегі бас маманы Джейсон Уивер шолудың нәтижелерін ұсынды.

Елдік шолудың шеңберінде Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі сапасы, қолжетімділігі, қаржыландырылуы, басқарылуы, интернационализациясы, білімнің интеграциясы, ғылым мен инновациялар сияқты басты алты бөлім бойынша зерттелді.

Нәтижесінде жоғары білім беру секторын реформалауға арналған 33 тірек ұсыныс әзірленді.

Іс-шараға Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, ведомстволық бағынысты 10 ұйым, 30 астам ұлттық, мемлекеттік жекеменшік ЖОО-дың ректорлары және басқа да стейкхолдерлер қатысты.

Елдік шолудың толық мәтінін және ЭЫДҰ сарапшыларының презентациясын http://www1.oecd.org/publications/higher-education-in-kazakhstan-2017-9789264268531-en.htm сілтемесі арқылы танысуға болады.