You are here

ЭЫДҰ күні, 2017 жылғы 11 шілде

Printer-friendly versionPDF version

 

11 шілдеде "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ (бұдан әрі - АТО) өкілдері – президент Нұргүл Шәмшиева, вице-президент Елдос Нұрланов, Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің директоры Ерлікжан Сабырұлы, Жоғары және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары  Дана Абдрашева және бас талдаушысы Аида Ахметжанова – ЭКСПО-2017 алаңында ЭЫДҰ күніне арналған іс-шараға қатысты. Мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, ЭЫДҰ сарапшылары және басқа мүдделі стейкхолдерлер іс-шараның қонақтары болды. 

Талқылау барысында Қазақстан және жалпы Орталық Азия үшін өзекті тақырыптар қозғалды: экономикалық дамуды жеделдету, экологиялық тұрғыға бағытталған дамуды ынталандыру және қаржыландыру тәсілдері, инновацияларды әзірлеу және экологиялық тұрғыға бағытталған экономика үшін кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша шаралар.

Қазақстанның әртарапты экономика үшін ғылыми қызметті және инновацияларды дамытуға арналған тақырыптық сессия шеңберінде ЭЫДҰ ғылым, технологиялар және өнеркәсіп жөніндегі директораттың инновациялық саясат бойынша шолудың басшысы Гернот Хутченрайтер (Gernot Hutschenreiter) ғылыми-зерттеу әлеуетін ұлттық даму, кәсіпорындардың инновациялық қызметін белсендіру және ғылыми қызметті басқаруды оңтайландыру мұқтаждықтарына сәйкес арттыру қажеттілігін атады. 

ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық әлемнің үздік отыз елінің қатарына кіру жағдайында Қазақстан үшін стратегиялық басымдық болып табылады. ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мадина Абылқасымованың айтуынша, 2015 жылғы қаңтарда Қазақстан ЭЫДҰ-мен жекелеген Елдік ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Бағдарламаның шеңберінде ЭЫДҰ стандарттары мен қағидаларына сәйкес келуін бағалау үшін ел дамуының әртүрлі салаларында 11 шолу өткізу қарастырылған. Білім беру саласында Жоғары білім беру саясатын шолу әзірленген, оның тұсауын а.ж. 15 наурызда Шолудың ұлттық үйлестірушісі болып табылатын АТО кесті.  

ЭЫДҰ-ның Алматы қаласында а.ж. қазанда ЭЫДҰ Еуразия аптасын өткізу туралы теңдессіз шешімі Қазақстан мен ЭЫДҰ-ынтымақтастығын кеңейтуде маңызды қадам болды. ЭЫДҰ Еуразия аптасына Еуразия және ЭЫДҰ елдерінің жоғары лауазымдық мемлекеттік тұлғалар, серіктес халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сонымен қатар ғылыми қауымдастық, бизнес және қоғам өкілдері қатысады. Іс-шара Еуразия және ЭЫДҰ елдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.