You are here

ЭЫДҰ мамандарының Назарбаев Университеті басшылығымен кездесуі

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылғы 3 желтоқсанда Экономикалық ынтымақтастықты дамыту ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) «Инновациялық саясатқа шолу» жобасының миссиясы шеңберінде ЭЫДҰ мамандарының Назарбаев Университетінің (бұдан әрі – NU) ректоры  Шигео Катцумен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Шигео Катцу ЭЫДҰ сарапшыларын NU қызметі мен Қазақстанның инновациялық жүйесіне қосып жатқан үлесімен таныстырды.  Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесінің озық дамуы мен халықаралық деңгейге шығуын қамтамасыз етуге халықаралық білім беру стандарттарына негізделген  NU оқу процесі ықпал етеді. NU қызметі дербестік пен академиялық еркіндік қағидаттарына негізделген. NU құрамына білім мен ғылым салаларында қызметті іске асыратын және NU-ді оқу-техникалық, ғылыми-лабораториялық эксперименталдық базамен қамтамасыз ететін «Nazarbayev University Research and Innovation System» (NURIS) меншік мекемесі кіреді. Соңғы ғылыми әзірлемелерді іске асыруға ықпал ететін ғылыми ой және өндірістік инфрақұрылымды симбиозы - Astana Business Campus ғылыми паркіне ерекше көңіл аударылды. Оны құрудың негізгі идеясы - перспективалық идеяларды коммерциялық пайдалану үшін іске асыру және ғылымды қажетсінетін салаларға мамандар даярлау.  

ЭЫДҰ мамандары NU-де өткізіліп жатқан жұмысты жоғары бағалап табыс тіледі.