You are here

ЭЫДҰ-ның «Білім беру саясатының келешегі. Ел профилі: Қазақстан» атты Мемлекеттік шолуы жарияланды

Printer-friendly versionPDF version

2018 жылы 14 желтоқсанда ЭЫДҰ-ның «Білім беру саясатының келешегі. Ел профилі: Қазақстан» (Education Policy Outlook: Kazakhstan) атты Мемлекеттік шолуы (бұдан әрі – Мемлекеттік шолу) жарияланды. Мемлекеттік шолудың негізгі мақсаты реформалардың тиімділігін және жалпы Қазақстанның білім беру саясатын бағалауға бағытталған. Қазақстанның білім беру жүйесін талдау негізгі алты бағыт бойынша жүргізілді: (1) теңдік және сапа; (2) оқушыларды болашаққа дайындау; (3) мектепті жетілдіру; (4) оқыту нәтижелерін жақсарту үшін сапаны бағалау; (5) басқару және (6) қаржыландыру. Жүргізілген талдау ЭЫДҰ-да бар білім базасына негізделген.

Зерттеу нәтижесінде ЭЫДҰ тарапынан 10 түйінді ұсынымдар берілген. Мемлекеттік шолу нәтижелері барлық деңгейдегі білім беру үрдісін жақсартуға және тұтас білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

Мемлекеттік шолудың толық мәтінімен ағылшын тілінде мына сілтеме бойынша www.oecd.org/edu/policyoutlook.htm таныса аласыз.