You are here

ЭЫДҰ-ның Қазақстандағы миссиясы аяқталды

Printer-friendly versionPDF version

2019 жылғы 4 - 8 қараша аралығында ЭЫДҰ-ның 4 сарапшысы (Ричард Ли, Нора Ревай, Кейтлин Гатри, Шарлотта Мейард) Қазақстанға келді. Сапарларының мақсаты - білім саласындағы негізгі стейкхолдерлерден сапалы деректерді жинау.

ОЭСР сарапшылары АТО қабырғасында ҚР БҒМ құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың (БҒСБК, ҰТО, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Өрлеу), НЗМ педагогикалық шеберлік орталығының, НЗМ педагогикалық өлшеулер орталығының, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың (Дүниежүзілік банк, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ) өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар, ЭЫДҰ сарапшылары  Нұр-сұлтан қаласының білім басқармасында және Целиноград ауданының аудандық білім бөлімінде болды.

Бұл кездесулер фокус-топтық пікірталас форматында өтті. Осы сапар аясында ҚР Білім және ғылым министрімен, министрлік өкілдерімен, БСҚА, Назарбаев Университетінің бір топ зерттеушілерімен де кездесулер өтті.

Кездесулер Қазақстандағы орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім беру ұйымдарында бағалау қалай жүргізіліп жатқанын жақсы түсіну үшін барлық білім беру жүйесінің негізгі қатысушыларымен өткізілді.

Миссия қорытындысы бойынша «Қазақстандағы білім беру сапасын бағалау саясаты» ЭЫДҰ шолуы дайындалатын болады, онда Қазақстанға оқушыларды бағалау жүйесін жақсарту және оқыту нәтижелерінің сапасын арттыру үшін нақты ұсыныстар беріледі. Шолу орта білім беру деңгейінде бағалау жүйесінің 4 негізгі бағытына бағытталатын болады (оқушыларды бағалау, мұғалімдердің жұмысын бағалау, мектепті бағалау, жүйелі деңгейде бағалау).