You are here

ЭЫДҰ-ның TALIS зерттеуінің ұлттық жоба менеджерлерінің алғашқы кездесуі өтті

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 24 және 27 сәуір аралығында Любек қаласында (Германия Федеративтік Республика) ЭЫДҰ-ның TALIS зерттеуінің ұлттық жоба менеджерлерінің алғашқы кездесуі өтті. Кездесуге 40-тан астам мемлекеттің өкілдері қатысты. Қазақстанның атынан Ақпараттық-талдау орталығының Орта білімді дамыту департаментінің бас маманы Диляра Ташибаева қатысты.

ЭЫДҰ-ның TALIS зерттеуі мұғалімдердің жұмыс жағдайын және мектептердің білім беру ортасын бағалауға бағытталған ең ауқымды халықаралық зерттеу болып табылады. TALIS зерттеуінің мақсаты – мемлекеттерге аса тиімді мұғалімдердің құрамын дамытуды қайтақарауға және жаңа басымдылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін сенімді, уақтылы және салыстырмалы мәліметтерді ұсыну. 2018ж. зерттеудің үшінші циклі өтеді (2008ж. – бірінші, 2013 – екінші). Қазақстан алғашқы рет TALIS халықаралық зерттеуінің үшінші цикліне қатысады.

Жоба менеджерлерінің алғашқы кездесуінде қатысушылар TALIS зерттеуімен танысып, алдағы зерттеудің құралдарын апробациялауға дайындалды. Іріктеуді жоспарлау, апробациялық және негізгі зерттеуді өткізу, жобаның барлық кезеңдерін өткізу кестесі де кездесудің маңызды тақырыптары болды.