You are here

ЭЫДҰ-ның техникалық және кәсіптік білім жүйесіне халықаралық шолуы

Printer-friendly versionPDF version

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 1-қыркүйегіндегі тапсырмасына сәйкес Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіру процесін және Білім саясаты жөніндегі комитетінде тұрақты бақылаушы статусына иеленуді қолға алды.

Осы орайда 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы ЭЫДҰ-ның техникалық және кәсіптік білім жүйесіндегі «Мектептен кейінгі білім деңгейіндегі дағдылар» («Skills beyond School») атты зерттеуге қатысты.

Зерттеудің басты мақсаты – ТжКБ саласына қатысты мемлекеттік саясатты зерделеу. Зерттеу барысында ТжКБ дамытудың негізгі элементтері қарастырылды: қаржыландыру, дуалды оқыту, инфрақұрылым, педагогтарды дайындау мен қайта оқыту, әлеуметтік серіктестік және т.б.

Техникалық және кәсіптік білім жүйесімен танысу мақсатында ЭЫДҰ эксперттеріне Базалық баяндама дайындалды.

Далалық зерттеулерді жүргізу мақсатында 2013 жылдың 23-қыркүйегі мен 1-қазан аралығында ЭЫДҰ эксперттерінің ҚР-на іссапарлары орын алды. ЭЫДҰ эксперттері білім саясатын қалыптастыруға қатысатын мемлекеттік органдарды, білім мекемелерін, мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарды аралады.

«Мектептен кейінгі білім деңгейіндегі дағдылар: Қазақстан» зерттеуінің нәтижелерін таныстыру мақсатында 2014 жылдың 9-желтоқсанында ЭЫДҰ экспертінің және басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен Астанада дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Зерттеудің ағылшын тіліндегі нұсқасы ресми сайтта жарияланған http://www.oecd.org/countries/kazakhstan/a-skills-beyond-school-review-of-kazakhstan-9789264221826-en.htm.

Орталықтың бастамасымен зерттеу мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылды.