You are here

ЭЫДҰ өкілдерінің ҚР БҒМ ведомстволық бағынысты мекемелері мен Ғылым комитеті басшыларымен кездесуі

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылғы 8 желтоқсанда ЭЫДҰ өкілдері мен Ғылым комитеті, «Ғылым қоры», «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамдарының және «Технологияларды коммерциализациялау орталығы» ЖШС басшыларымен кездесуі өтті. Кездесу барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Қазақстан Республикасы ғылыми және инновациялық саясатының жаңа тенденциялары, жетістіктері мен талаптары;
  2. Ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызметті қаржыландыру процестері;
  3. Ғылыми-зерттеу және инновациялық іс-шаралардың стратегиялық бағыттылығы мен оларды енгізу;
  4. Зерттеу және инновациялық қызметтің экономикалық дамуға қосатын үлесі.

Соңғы жылдары бәсекеге қабілетті өнімдер алуға бағытталған және республиканың өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға және ұлттық экономикалық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған отандық жоғары технологиялық өнеркәсібін дамытуға, жаңа технологияларды дамыту және енгізуге ерекше назар бөлініп отыр.

Кездесуге қатысушылар даму институттарының қарым-қатынасын, мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу мен басымдықтарды анықтау механизмдерін, Ұлттық ғылыми кеңестердің, Ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі ұлттық орталығының  қызметтерін талқылады.  Мемлекеттің ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы жобаларының сараптау әдіснамасына, сондай-ақ Технологияларды коммерцияландыру орталығында технологияларды коммерцияландыру үшін гранттық бағдарламаның нәтижелеріне ерекше назар аударылады.

ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның инновациялық қызметін қолдау және іске асыру саласында ҚР БҒМ жүргізіп жатқан жұмыстарына жоғары баға берді.