You are here

ЭЫДҰ сарапшыларының «Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басшылығымен кездесуі

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылғы 8 желтоқсанда ЭЫДҰ сарапшыларының «Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (бұдан әрі – ТДҰА) басшылығымен кездесуі өтті.

ТДҰА ҚР Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы жарлығына сәйкес экономиканы дамыту, әртараптандыруға жәрдемдесу, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту және корпоративтік басқаруды жетілдіру мақсатымен құрылған «Бәйтерек»  Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді.  

ТДҰА қарамағында 8 технопарк және 4 конструкторлық бюро бар. Қазіргі уақытта ТДҰА жұмысының 95% инновациялар саласындағы гранттарға бағытталған. 2015 жылғы 26 қазаннан бастап, ТДҰА жобаларды әрбір сатыда 50/50, 40/60, т.б. схемалармен қаржыландырады. Инвестициялар мен дамыту министрлігімен бірге гранттық қаржыландыруға өтініш беру процесі оңайлатылды,  ағымдағы жылдың қазан айынан бастап қажетті құжаттар тізімі екі есе қысқарды. 2016 жылғы қаңтардан бастап, 9 гранттық қаржыландыру түрінің орнына тек 3 ғана іске асырылады.

ЭЫДҰ өкілдері ТДҰА басшылығын ашық диалог және агенттіктің қызметі жөнінде ақпаратты ұсынғаны үшін алғыс білдірді.