You are here

ЭЫДҰ және Дүниежүзілік банк сарапшыларымен негізгі сапар шеңберінде кездесу

Printer-friendly versionPDF version

23 қараша – 4 желтоқсан аралығында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) және Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен негізгі сапар шеңберінде алаңдық зерттеулер жүргізілді.

Сапар барысында ЭЫДҰ өкілдері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ), Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР БҒМ бағынысты ұйымдар, 6 аймақтағы жоғары оқу орындардың өкілдерімен кездесулерге қатысты.

Кездесу барысында жоғары білімнің қолжетімділігі, басқарылуы, қаржыландыруы, сапаны қамтамасыз етуі, интернационалдандыруы, білім, ғылым және инновация біріктіруді дамыту мәселелері бойынша ашық талқылаулар жүргізілді. Жоғары білім беру жүйесінің еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестік мәселесіне де ерекше назар аударылды. ЭЫДҰ өкілдерін Қазақстанда жүргізіліп жатқан және жоспарланған реформалар ынталандырды.

Алаңдық  зерттеу қорытындылары бойынша сарапшылар алғашқы байқаулардың нәтижелерін ұсынды. Сарапшылар Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің мықты және әлсіз жақтарын аңықтады.

Келесі 6 ай ішінде сарапшылар қорытынды есепті дайындайды.  Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін жетілдіру жөніндегі қорытынды есеп және ұсынымдар 2016 жылдың күзінде ЭЫДҰ сарапшыларының қатысуымен Астана қаласында дөңгелек үстел барысында ұсынылатын болады.