You are here

ЭЫДҰ және ИАЦ «Мемлекеттік венчурлық қаржыландыру болашағы және онымен байланысты тәуекелдер» тақырыбында семинар өткізді

Printer-friendly versionPDF version

ЭЫДҰ және ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ бірлесіп, "Қазақстандағы инновациялық саясатты оңтайландыру есебінен бәсекелестікті жоғарылату" жобасы шеңберінде жұмыс тобының бесінші отырысы мен төртінші семинарын ұйымдастырды.  

Басты тақырыбы "Мемлекеттік венчурлық қаржыландыру және онымен байланысты тәуекелдер" болған іс-шара 2016 жылғы 20 қаңтарда сәрсенбі күні Астана қаласының «Rixos President» қонақүйінде өткізілді. 

Кездесу АТО вице-президенті Марат Камзолдаев төрағалығымен өтті. Ал Жан-Франсуа Лянжелле және Вутер Местер (ЭЫДҰ-ның Еуразия елдері бәсекелестігін жоғарылату бойынша бағдарламасының жоба жетекшісі мен координаторы) жұмыс барысы туралы өзекті ақпаратты баяндады. Бұл іс-шара үкіметтің, меншік секторының, ғылыми қоғамдастықтың, соның ішінде ҚР Инвестициялар мен дамыту министрлігінің, Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығының, Ғылым қорының, Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттіктің, Экономикалық зерттеулер институтының, Жергілікті құрамды дамыту жөніндегі ұлттық агенттіктің, «ДАМУ» қорының, «ПАРАСАТ» ЖШС, Агротеънологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығының, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, және назарбаев Университет жадындағы Ұлттық сараптама орталығының өкілдерін біріктірді.  

Семинар қатысушыларының назарына венчурлік инновациялық қаржыландыруды басқару туралы интерактивті презентация ұсынылды. «Ontario Capital Growth Corporation» директоры Джон Маршалл Канададағы инновацияларды мемлекеттің қаржыландыруды дамыту мақсатында корпорация құру тәжірибесімен бөлісті.

1) венчурлік қаржыландыру табысты нарығын қалыптастыру тәсілдері;

2) жалпы және жүйелі тәуекелдердің алдын-алу стратегиялары;

3) әлемдегі венчурлік қаржыландыру нарықтары арасындағы қатынастарды реттеу, жобалардың қажетті ағынының пайда болуына ықпал ету және меншік венчурлік инвесторлармен қарым-қатынас жасау тақырыптары қозғалды.

Сонымен қатар, семинарда жоба шеңберіндегі одан әрі жасалатын іс-әрекеттер, соның ішінде венчурлік қаржыландыру объектілерімен және коммерциализация саласында жұмысты кеңейту, жаға жылдағы әлеуетті өсіру мәселелері талқыланды.

"Қазақстандағы инновациялық саясатты оңтайландыру есебінен бәсекелестікті жоғарылату" жобасы Еуропа Одағы және Қазақстан Республикасы төрағалығымен ЭЫДҰ-ның Орталық-Азиялық бастамасы шеңберінде іске асырылуда.