You are here

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНА ШОЛУ № 51 шығарылым (16.09.2015 - 26.09.2015)

Printer-friendly versionPDF version

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

 

«Дүние жүзіндегі инновациялық жоғарғы оқу орындарының топ 100-дігі» рейтингісінің нәтижелері жарық көрді

Thomson Reuters, 15.09.2015

Стэнфорд университеті (АҚШ) Thomson Reuters агенттігінің нұсқасы бойынша инновациялық жоғарғы оқу орындардың көшін бастап тұр.

Анықтама ретінде: Thomson Reuters агенттігі – жаңалықтар, сараптамалық ақпарат және ақпараттық шешімдер негізінде жұмыс істейтін дұние жүзі бойынша аса ірі халықаралық агенттік.

Рейтинг ЖОО-ның патенттік және ғылыми-зерттеушілік қызметтерін өлшейтін индикаторлар негізінде құрылды (ЖОО тарапынан алынған патенттер саны; патенттердің басқа патенттермен дәйексөз алу көрсеткіші; мақалалардың патенттермен дәйексөз алу көрсеткіші; Web of Science журналдарында жарияланған мақалалардың дәйексөз алу көрсеткіші; жоғарғы оқу орындарының өндіріспен ынтымақтастығы).   

АҚШ-тың 50 ЖОО-ны дүние жүзінің ең үздік инновациялық ЖОО-дары ретінде танылып отыр. Сондай-ақ АҚШ ЖОО-дары арасында рейтингте Массачусетс технологиялық институты (2 орын) және Гарвард университеті (3 орын) аталып өтілген.

АҚШ ЖОО-мен қоса, уздік инновациялық жоғарғы оқу орындары ондығында Корея ғылым және технология озат институты да бар (Korea Advanced Institute of Science and Technology) (10 орын).

Рейтинге енген университеттердің саны бойынша, АҚШ-тан кейін Жапония (9 ЖОО), Франция (8 ЖОО), Оңтүстік Корея (8 ЖОО), Германия (6 ЖОО) және Ұлыбритания (5 ЖОО) соңынан ерген. Еуропаның ең инновациялық ЖОО ретінде Лондонның империялық колледжін қарастыруға болады  (11 орын).

Инновациялық ЖОО рейтингісінде Ресей университеттері қарастырылмаған.

 

Thomson Reuters «Инновациялық топ-100 ЖОО-ы» рейтингісіндегі университеттердің үздік ондығы

Орын

Оқу орнының атауы

Ел

  1.  

Стэнфорд университеті

АҚШ

  1.  

Массачусетс технологиялық институты

АҚШ

  1.  

Гарвард университеті

АҚШ

  1.  

Вашингтон университеті

АҚШ

  1.  

Мичиган университеті

АҚШ

  1.  

Солтүстік-батыс университеті

АҚШ

  1.  

Техас университеті

АҚШ

  1.  

Висконсин университеті

АҚШ

  1.  

Пенсильвания университеті

АҚШ

  1.  

Корея ғылым және технология озат институты

Корея

 

 Ұлыбританияда оқушылардың сыныпта смартфон және планшеттер  ұстауына тыйым салынуы мүмкін

Independent, 13.09.2015

Ұлыбританияда балаларға сабақ үстінде смартфондар мен планшеттер ұстауға тыйым салу жоспарланып отыр.

Ofsted мектеп инспекторатының сарапшылары әр түрлі құрылғылар тиімді оқыту үрдісіне кедергі келтіреді деп санайды. Олардың жыл сайынғы есебіне сәйкес, 2013-2014 оқу жылында оқушылардың мектептегі тәртібі 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда нашарлап кеткен. Сол секілді инспекторат тарапынан балалардың сабақ үстінде ұялы телефон ұстап отыру жағдайлары да көп тіркеліп отыр.  

Кент графтығындағы Ebbsfleet академиясы түлектерінің GCSE емтихан нәтижелері 2013 жылы сабақтарда смартфондарды пайдалануға тыйым салынғаннан бері 2 есеге жақсарған. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде жүргізілген зерттеудің нәтижелері сыныпта мобильді телефондарды пайдалануға тыйым салу мектеп нәтижелерінің жақсаруына септігін тигізетіндігін көрсетіп отыр.

Алайда, Ұлттық мұғалімдер одағының бас хатшысы  Кристина Блоуэрдің пікірінше, заманауи технологиялар, оның ішінде, смартфондар мен планшеттер оқыту мен білім берудің табысты стратегияларының бір бөлігіне айналуы мүмкін. 

 Халықаралық сарапшы ресейлік жоғарғы оқу орындарының халықаралық рейтингтерде төмен орындарда болуының себептерін атап көрсетті

Коммерсант, 24.09.2015    

Webometrics халықаралық рейтиінгісінің бас редакторы Исидро Агильоның пікірінше, ресейлік университеттердің әлемдік рейтингтерде ілгерілуіне олардағы білім берудегі мамандану аясының тарлығы және сапасына көңіл аудармастан ғылыми мақалалар жариялауға ұмтылу жағдайлары кедергі келтіруде.

Ресей төмен нәтиже көрсеткен QS World University Rankings жоо халықаралық рейтингі жарияланғаннан кейін бір апта өткен соң,  «Ресейлік университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Анықтама ретінде: Webometrics рейтингі 2004 жылдан бастап жылына екі рет шығарылады. Ол 12 мың жоо бірнеше параметр бойынша бағалайды, олардың арасында – желідегі танымалдылығы және жоғары деңгейдегі халықаралық журналдарда жарық көрген ғылыми мақалалар саны да бар. 2015 жылдың шілде айында берілген деректер бойынша,  Webometrics-те ресейлік 17 жоо көрсетілген. Олардың арасында айтарлықтай жақсы көрсеткіштерге ие болғандары Мәскеу мемлекеттік университеті (138-ші орын), Санкт-Петербург мемлекеттік университеті  (544-ші) және Новосібір ғылыми-зерттеу университеті (640-шы).

Агильо мырза соңғы жылдары ресейлік жоо-лардың халықаралық журналдарда жарияланған мақалалар санының біршама өскендігін атап көрсетті. Бұл ретте, жария етілген мақалалардың барлығы бірдей шетелдік ғалымдардың назарын аударта қоймайды және жиі айтылмайды. Семинарда жалпыландырылған ЖЭМ  деректері бойынша, 2014 жылы ресейлік ғалымдар 3 мыңнан астам көпшілік жерде айтылып жүрген танымал ғылыми мақалаларды жария еткен. Салыстыру үшін: Польшада мұндай мақалалар саны 3,5 мыңды құраса, Қытайда – 42 мың.

Ресейлік жоо-лардың интернеттегі таныстырылымдары өте әлсіз, сол себепті олардың жетістіктері туралы сол мамандықпен айналысатын шетелдік әріптестері де біле қоймайды. Мысалы, Нижегородск ҒЗУ сайтын қараушылардың 90% Ресейліктердің үлесіне тиіп отыр.

Дегенмен, испандық сарапшы ең басты мәселе ретінде ресейлік жоо-дардағы мамандану аясының тарлығын көрсетіп отыр. Бір ғана физикамен шектелген жоо өзі гуманитарлық және биологиялық факультеттері бар бәсекелестерінен  жеңілері сөзсіз. Ол ректорларды өз университеттерінде медициналық факультеттерді ашуға, тіпті қажет болса университеттік клиника ашуға шақырды. Медицина саласындағы ғылыми мақалалар көпшіліктің аузында жиі жүреді. Оның пікірінше, өз медициналық мектебіңнің болуы – рейтингте жылдам жоғарылаудың сенімді жолдарының бірі.

Бұған қоса, дәл осы медицина ресейлік университеттерге рейтингке байланысты күрделі қиындықтар туғызып отыр. Бұл  QS компаниясының дәрігерлік тақырыптағы ғылыми мақалалар санының көп болуы басқа бағыттармен арадағы теңгерім үйлесімділігін жояды деп мәлімдеуіне байланысты туындап отыр. Осыдан кейін медицина үшін төмендетуші коэффициент қолданысқа енгізілді.

 

 Ғылыми мақалалар санының өсуі олардың сапасына деген сенім деңгейінен де жоғары тұр

Times Higher Education, 24.09.2015

Соңғы жылдары жалған көрсеткіштер және ғылыми зерттеулердің өнімсіз нәтижелеріне байланысты ғылыми ортада көптеген даулы мәселелер туындауда. Жария етілген ғылыми мақалалар санының күрт өсуі олардың нәтижелеріне деген сенімсіздікті тудыра бастады.

Қолданыста жүрген сараптамалық бағалау жүйесі (peer review) барлық жария етіліп жатқан ғылыми мақалаларды тексеріп үлгермейді. Бұл, өз кезегінде, жалпы жарияланымдағы материалдарға шаққанда сапалы зерттеулердің азаюына және жүргізілген зерттеулердің қайталануына жол беріп отыр. Көрсетіліп отырған фактілерді зерттеу үшін АҚШ медицина саласындағы 20 тәжірибелі ғалымына сауалнама жүргізілген болатын.

Олардың пікірінше, қауіп тудырып отырған басты мәселелер ретінде жаңа журналдар санының қарқынды түрде өсуін және оларда жарияланатын ғылыми жұмыстар санының көбеюін қарастыруға болады. Осыған байланысты қазіргі уақытта жарияланымның сапасы мен маңыздылығы оның авторы мен журналдың беделіне байланысты бағаланып жүр. Бұл кейде жас, көпшілікке аса танымал емес авторларға негізсіз сенбеуге әкеліп соуғы мүмкін. Жас ғалымдар уақыт өткен сайын танымал журналдарға материалдарын жария ете алмау мәселелеріне ұшырауда, және осыған байланысты олардың мансаптық жолдары да белгілі бір деңгейде бөгетке ұшырап отыр.

Жағдайды жақсартуға байланысты ұсынылып отырған ұсыныстардың бірі зерттеу дизайны, статистикалық деректер және талдау жүргізудің бастапқы академиялық емес бағалау жүйесін құру болып табылады.

 Еуропада онлайн-білім берудің бірыңғай аттестаттары әзірленді

Eurostudy, 28.09.2015

Еуропалық  Комиссия MOOC (Massive open online courses) сертификаттарын, сонымен қатар басқа да формалды және бейформалды оқыту саласындағы жетістіктердің басын қосуға шақырған VMPass (VM - Virtual Mobility) жобасын мойындап отыр.

Анықтама ретінде: Virtual Mobility-PASS – Еуропалық одақ тарапынан қолдау көрсетілетін, виртуалды мобильділік және ашық білім беру ресурстарында (АБР) оқыту жағдайларын растауды жүзеге асыратын жоба болып табылады.

 Massive open online courses (MOOC) – бұқаралық интербелсенді қатысу және Интернет арқылы ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету негізінде жұмыс істейтін оқыту курсы, қашықтықтан білім беру формаларының бірі.

Бүгінгі таңда студенттер оқытудың АБР және МООС секілді бейформалды оқыту мүмкіндіктерін жиі пайдаланады. Оқу орындарында виртуалды мобильділіктің айтарлықтай өсіп жатқандығына қарамастан, Еуропа бойынша барлық оқу орындарында дерлік онлайн-оқыту әлі де болса жеткілікті мөлшерде мойындалмаған қалпында қалып отыр.

Жоба жоғарғы білімнің алынғандығын куәландыратын инновациялық «Оқыту төлқұжатын» құру арқылы АБР және МООС оқытуларын мойындауға мүмкіндік бермек.

Бұл аттестат оқу материалын ұсынып отырған оқу орны, және онлайн-студент тарапынан дербес жағдайда толтырылады. Бұл ретте пәндер мен курстар ғана емес, нақты біліктілік дағдылары да құжатта көрініс табатын болады, мысалы, студент тарапынан игерілген негізгі бағдарламалау тілдері.

 Ұлыбританияда оқушылардың сыныпта смартфон және планшеттер  ұстауына тыйым салынуы мүмкін

Independent, 13.09.2015

Ұлыбританияда балаларға сабақ үстінде смартфондар мен планшеттер ұстауға тыйым салу жоспарланып отыр.

Ofsted мектеп инспекторатының сарапшылары әр түрлі құрылғылардың тиімді оқыту үрдісіне кедергі келтіреді деп санайды. Олардың тарапынан берілетін жыл сайынғы есепке сәйкес, 2013-2014 оқу жылында оқушылардың мектептегі әрекеттері 2012-2013 оқу жылындағы көрсеткішпен салыстырғанда төмендеп кеткен. Сол секілді инспекторат тарапынан балалардың сабақ үстінде ұялы телефон ұстап отыру жағдайлары да тіркеліп отыр.  

Кент графтығындағы Ebbsfleet академиясы түлектерімен өткізілетін GCSE емтихандарының нәтижелері 2013 жылы сабақтарда смартфондарды пайдалануға тыйым салынғаннан бері 2 есеге жақсарған. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде жүргізілген зерттеулердің нәтижелері сыныпта мобильді телефондарды пайдалануға тыйым салу мектеп нәтижесінің жақсаруына септігін тигізетіндігін көрсетіп отыр.

Алайда, Ұлттық мұғалімдер одағының бас хатшысы  Кристина Блоуэрдің пікірінше, заманауи технологиялар, оның ішінде, смартфондар мен планшеттер оқыту мен білім берудің табысты стратегияларының бір бөлігіне айналуы мүмкін.  

 Жас мұғалімдер сыныпта қолдау көрсетілмегендіктен педагогикалық мамандықтан кетуде

Independent, 16.09.15

Ofsted басшысы Майкл Уилшоу дарынды мұғалімдердің басым бөлігі мектеп оқушыларының жүріс-тұрыстарының жамандығына байланысты шағымданатындығына алаңдаушылық танытуда. Сондай-ақ, олар өздерінің мансаптың қалыптасу кезеңінде мектеп әкімшілігі тарапынан қолдау көрсетілмейтіндігіне наразы. Бұл факторлар жас мұғалімдердің өз мамандықтарынан бас тартуларына әкеліп соғуда. Осы педагогтардың көпшілігі өз мамандықтарына TeachFirst бағдарламасы арқылы - тартылған.

Анықтама ретінде: Teach First – мектептерде сапалы білім беру қызметін ұсыну кезіндегі теңсіздікті төмендету мәселелерімен айналысатын қайырымдылық ұйымы. Ұйым жастарды 6 аптадан тұратын қарқынды курстарға және мұғалімдерді екі жылдық көшбасшылық қасиеттерді дамыту бағдарламасына оқуға шақырады. Сондай-ақ, Teach First жоо-лардың табысты түлектерін жағдайы төмен аудандарда жұмыс жасауға тартумен де  айналысады.

ПОСТКЕҢЕСТІК КЕҢІСТІК ЕЛДЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

 Мектептегі үлгерім құпиясы: неге бір оқушылар жақсы, ал екіншілері – нашар оқиды?

Miloserdie, 01.09.2015

Санкт-Петербург қаласындағы мектептердің бірінде 2-11 сынып оқушыларының ата-аналары арасында зерттеу жұмысы жүргізілді. Зерттеу тақырыбы – мектеп оқушыларының табыстылығына әсер етуші факторлар. Нәтижелері мектеп оқушыларының табыстылығына көп жағдайда отбасының қаржылық-экономикалық жағдайы емес, ондағы құндылықтар жүйесінің тікелей әсер ететіндігін көрсетіп отыр.

Сонымен, тұрмыс қауқары төмен отбасылардан шыққан оқу үздіктерінің саны үшпен оқитындардан әлдеқайда көп. Жоғары табысты отбасылар балалары үшін қосымша репетитор жалдауға қаржылық тұрғыдан қауқарлы. Алайда, әлеуметтанушылардың пікірінше, баланың біліміне байланысты жұмсалатын мұндай қосымша қаражат түрлері отбасылық қатынас кемшілігінің орнын толтыра алмайды. 

Отбасылық дәстүрлердің болуы да мектеп оқушыларының табыстылығына әсер етеді. Бастауыш мектептегі жақсы және үздік оқитындардың 67% және орта мектептегі  жақсы және үздік оқитындардың 73%  отбасылық мерекелер тұрақты түрде аталып өтілетін отбасыларында тұратындығы анықталған.

Үшке оқитын оқушылардың отбасыларында көп жағдайда мерекерелер эпизодты түрде аталып өтіледі немесе мүлдем аталмайды. Үздіктер мен жақсы оқитындардың отбасыларының үшке оқитындардың отбасыларынан өзіндік ерекшеліктерінің бірі өмірге қанағаттану жағдайына келіп тіреледі. Оқу үздіктерінің ата-аналарының 91%  үшке оқитындардың ата-аналарымен салыстырғанда өз өмірлеріне толық қанағаттанатындықтары анықталған.

Бұған қоса, оқу үздіктері мен екпінділердің ата-аналарының 56% ең алдымен, өз-өздерін жетілдіру мақсатында жұмыс істейді. Үшке оқитындардың ата-аналарының басым бөлігі тек ақшалай қаражат алу үшін ғана еңбектенеді екен. 

Оқу үздіктері мен екпінділердің ата-аналарының 50% пәтерде өздерінің ата-әжелерімен бірге тұратындығы да қызықты дерек . Үшке оқитындардың 40% ата-әжелерімен мүлдем кездеспейді.

 

 Ресей мен Қытай жоғарғы оқу орындарына біріккен аккредиттеу жүргізу туралы келісім жасады

РИА Жаңалықтар, 21.09.2015

Ұлттық кәсіби-қоғамдық аккредитациялау орталығы (ҰКАО) (Ресей) және ҚХР (Қытай) Білім министрлігінің Жоғарғы білім беру сапасын бағалау орталығы тарапынан ресми түрде сапаны бағалау және аккредитациялау саласындағы серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды.

Бұл  құжат Ресей және Қытай жоо-дарына білім беру бағдарламалырың сапасын бағалауға байланысты біріккен шаралар жүргізуге мүмкіндік бермек. 

Меморандумға қол қою ресейлік жоғарғы білім беру сапасына деген сенім мен қытайлық студенттер алдындағы оның тартымдылығын арттыра түспек. Өткен жылы олардың саны 18,2 мың адамды құрады (Қазақстаннан кейін Ресейдегі шетелдік студенттердің контингенті бойынша екінші орын – 27,5 мың). Қытайлық тарап та жоғары білім беру сапасын бағалау технологиясын игеру және жаңа тәжірибе алу мәселесіне қызығушылық танытып отыр.

Соңғы 15 жыл көлемінде Қытайда жоо-дар мен колледждер саны 2,5  есе өскен (1 мыңнан 2,5 мыңға дейін). Оларда 35 млн. астам адам білім алуда. 

Құжатқа қол қойылғаннан кейін нақты әрекеттер жүзеге асырылатын болады деп күтіліп отыр. 22-25 қыркүйекте Пекин Телекоммуникациялар университеті мен Циньхуа университетінде – халықаралық рейтингтің жоғарғы тармақтарынан орын алып отырған  Қытайдың екі маңдайалды жоғарғы оқу орындарында сыртқы сараптама жүргізіледі деп күтіліп отыр.

Ресейлік сарапшылар білім беру сапасын бағалау бойынша сараптамалық комиссияның жұмысына қатысатын болады. Жуық арадағы екі ай көлемінде И.Кант атындағы Балтық федералды университет және Н.И.Лобачевский атындағы Нижегородск мемлекеттік университетінде (НЗИ) қытайлық сарапшылардың қатысуымен аккредитациялау жұмыстары жүргізіледі деп күтіліп отыр.

 

 Путин оқу жылы басталуының жылжымалы кестесін ойлап табуды тапсырды

Forbes, 28.09.2015

Ресей Президенті Владимир Путин премьер-министр Дмитрий Медведевке және өңір басшыларына мектептер мен жоо-ларда оқу жылының басталуына байланысты жылжымалы кесте ойластыру мүмкіндіктерін қарастыру туралы тапсырма берді. 

Бұған дейін, осындай ұсыныспен президенттің көмекшісі Игорь Левитин баяндама жасаған болатын, ол «мамыражай кезеңдегі» туристік ағынға қолдау көрсету туралы ұсыныс жасаған еді. Оның пікірінше, жазғы каникулдардың басталу уақытын маусымның басына ауыстыруға, ал жаңа оқу жылын 15 қыркүйектен бастауға болады.

Испания, Италия, Франция секілді бірқатар еуропалық елдер осындай қадамды қазірдің өзінде жүзеге асыруда.

Ата-аналар комитеттері мен қауымдастықтары ассоциациясының жетекшісі Ольга Леткова бұл бастамаға қарсылық танытты. Оның ойынша, 1 қыркүйек – барша халықтың басын қосатын, дәстүрге айналған жалпыресейлік мереке.

Оқу жылының басталу жылжымалы кестесін жоғарғы оқу орындары мен мектептерде енгізу мақсаттылығы туралы баяндама ағымдағы жылдың 15 қарашасында ұсынылады.

 

Дайджестпен жұмыс істегендер: Н. Черкашина,

Е. Коротких, Д. Ташибаева, Д. Алимхан