You are here

«Халықтың білім беру сапасына қанағаттануының мониторингі» және «Білім беру реформаларын бағалау және талдау» жобалары аясындағы 4 ауқымды әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары бойынша Дөңгелек үстелдің баспасөз хабарламасы

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылдың 5 қарашасында АТО АҚ-да «Халықтың білім беру сапасына қанағаттануының мониторингі» және «Білім беру реформаларын бағалау және талдау» жобалары аясындағы 4 ауқымды әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары бойынша Дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш жобалар бойынша жұмыс 2014 жылы басталды және халықпен кері байланысты нығайту, қазақстандықтардың білім және ғылым саласындағы реформалар жайлы хабардарлығын арттыру, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (МББДБ) жүзеге асырудағы мәселелерді анықтау сияқты міндеттерді орындауға бағытталған.

Дөңгелек үстелдің жұмысында ҚР БҒМ, Ұлттық тестілеу орталығының, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Өрлеу» АҚ, «Кәсіпқор» холдингі, ЖОО өкілдері, т.б. қатысты.

Кездесуде халықтың ҚР БҒМ және ЖАО жұмысының сапасына, білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформаларға қанағаттануын бағалау, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (әрі қарай - ДЭФ ЖБҚИ) білім және ғылым көрсеткіштері аясында сарапшылар және жұмыс берушілердің сауалнамалары жөнінде зерттеудің нәтижелері көрсетілді.

2015 жылы МББДБ-ны жүзеге асырудың бірінші кезеңі аяқталады және халықтың соңғы 5 жылда МББДБ жүзеге асуына қанағаттану деңгейі бағалаудың басты критерийлерінің бірі болып табылады. Осы орайда тағы бір әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

Әлеуметтік сауалнамаға, жалпы алғанда, Қазақстанның барлық өңірінен 14000-нан астам респонденттер қамтылды.

Дөңгелек үстел қатысушылары зерттеудің қорытындысын талқылады және халықтың білім және ғылым сапасына қанағаттануын жоғарылату және ДЭФ ЖБҚИ-де Қазақстанның білім беру саласындағы көрсеткіштерін жақсарту жөнінде ұсыныстар жасады.