You are here

ICILS-2018 далалық іс-әрекеттер мен скоринг жөніндегі семинаре-тренинг

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 7 және 11 қарашада "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ Гамбург қаласында (Германия) өткен ICILS-2018 далалық іс-әрекеттер мен скоринг жөніндегі семинар-тренингке (ICILS-2018 Field Operations and Scoring Training Seminar) қатысты.

Жұмысқа ICILS-2018 зерттеуге қатысушы елдер, IEA хатшылығы, ICILS зерттеуінің халықаралық орталығы (ACER) және IEA деректерді өңдеу орталығының (IEA DPC) өкілдері қатысты.

Тренинг барысында сынақтан өткізудің әкімшілік рәсімдері (мектептермен жұмыс жасау және компьютерлерді техникалық дайындау), скоринг және тесттік модульдер мен сауалнамаларды кодтау рәсімдері түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушылар мектепішілік іріктеу (IEA WinW3S), құралдарды аудару, бейімдеу және тексеру (IEA eAssessment Monitor and Designer), сонымен қатар деректерді жіберу (IEA DME) бағдарламаларымен жұмыс жасауды үйренді.

Алынған тәжірибелік дағдылар 2017 жылғы ICILS-2018 сынақтан өткізуге дайындалғанда пайдаланылады.