You are here

ICILS-2018 Халықаралық компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты зерттеудегі Қазақстандық нәтижелер

Printer-friendly versionPDF version

 

Ағымдағы жылғы 5-қарашада IEA компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың ICILS-2018 халықаралық зерттеуінің нәтижелерін жариялады. ICILS - бүкіл әлемдегі оқушылардың сандық құзыреттілігінің алғашқы және баламасыз зерттеуі. Алғаш рет 3373 қазақстандық оқушы мен 2630 мұғалім зерттеудің екінші циклі - ICILS-2018-ге қатысты. Жалпы, ICILS-2018 зерттеуіне әлемнің 14 мемлекетінен[1] 
46 мыңнан астам оқушы мен 26 мыңнан астам мұғалім қатысты.

Көшбасшылар үштігіне Дания (553), Оңтүстік Корея (542) және Финляндия (531) елдері кірді. Бұл елдерде ICILS 2013 нәтижелерінен кейін АКТ-ға қатысты білім беру реформалары қабылдан болатын.

Ал қазақстандық оқушылар компьютерлік сауаттылықты меңгерген бе? Зерттеумен Қазақстанның барлық өңірлері қамтылғанын ескере отырып, ICILS-2018 нәтижелері бүкіл ел деңгейіндегі сегізінші сынып оқушыларының компьютерлік сауаттылығы бойынша толық мәлімет алуға мүмкіндік береді:

  • қазақстандық оқушылардың 33%-ы компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың (бұдан әрі - КАС) ең төменгі деңгейіне де жете алған жоқ. Олардың КАС бойынша орташа ұпайы
    395-ті құрады, бұл ICILS халықаралық орташа деңгейінен (496) 101 ұпайға төмен. КАС-тың ең төменгі деңгейіне қажетті ұпай саны  - 407.
  • 14 мемлекеттің ішінде Қазақстанның нәтижелері ең төмен болды. Сегізінші сынып оқушыларының тек 1% -ы ғана КАС-тың ең жоғары деңгейіне жетті (661 ұпайдан бастап).
  • Қазақстанның нәтижелерінде мектеп түріне, оқыту тіліне және орналасқан жеріне (қала/ауыл) байланысты статистикалық тұрғыда маңызды айырмашылық бар. Осылайша, білім беру нәтижелерінің теңсіздігі мәселесі қазақстандық балалардың компьютерлік сауаттылығына да өз әсерін тигізді.

ICILS-2013 нәтижелері «сандық балалар» ұрпағы ерте жастан АКТ-ны қолдануға байланысты сандық сауаттылыққа ие деген аңызды толығымен жоққа шығарды. Барлық қатысушылардың 2%-ы ғана компьютерлік сауаттылықтың жоғары деңгейін көрсетті. АКТ-ны белсенді пайдалану сандық құзыреттілікті дамыту үшін жеткіліксіз екені және бұл мәселеде мектепте білім беру де шет қала алмайтыны анық болды.

Нұр Сұлтан уақыты бойынша 21.00-де Вашингтондағы Карнеги ғылым институтында есептің ресми тұсаукесері өтеді. Аталған іс-шараның онлайн-трансляциясы IEA ресми сайтында: https://www.iea.nl/news-events/events/release-icils-2018-results сілтемесі бойынша қол жетімді.

Қазақстан нәтижелерінің егжей-тегжейлі талдауы ICILS-2018 Ұлттық есебінде көрсетіледі және 2020 жылдың бірінші жартысында жарияланатын болады.

 

[1]  Зерттеуге барлығы 12 мемлекет және Ресей мен Германияның екі жеке аймағынан 14 білім беру жүйесі қатысты. ICILS нәтижелерін жариялаудың халықаралық үлгісін сақтау мақсатында берілген жаңалықта «білім беру жүйесі» орнына «мемлекет» атауы қолданылуда.