You are here

ICILS-2018 Зерттеуінің Ұлттық Үйлестірушілерінің үшінші кездесуі

Printer-friendly versionPDF version

 

ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ 2016 жылғы 5-9 қыркүйекте Португалия Республикасының Порто қаласында өткен ICILS-2018 Зерттеуінің Ұлттық Үйлестірушілерінің NRC (National Research Coordinator) үшінші кездесуіне қатысты.

Кездесудің мақсаты: зерттеу құралдарының соңғы нұсқасын бекіту (тесттік модульдер, оқушыларға, мұғалімдерге, мектеп директорларына, АКТ-үйлестірушілеріне, ұлттық контексттік шолуға арналған сауалнамалар).

Кездесуге ICILS -2018 жобасына қатысушы елдердің өкілдері қатысты. Кездесуді Australian Council for Educational Research (ACER) ICILS зерттеуінің халықаралық орталығы ұйымдастырды. 

ICILS зерттеуінің халықаралық орталығы (ACER) қатысушыларға ICILS-2018 тестілеуді өткізудің бағдарламалық қамтамасыздандыруын ұсынды. Сонымен қатар, зерттеудің құралдарын аудару және бейімдеуді өткізуге арналған бағдарламалық қамтамасыздандыруды (IEA eAssessment Translation System) көрсетті.   

IEA Хатшылығы, ICILS зерттеуінің халықаралық орталығы (ACER), IEA DPC (Data Processing and Research Center) қызметкерлерімен, сонымен қатар қатысушы елдердің ұлттық үйлестірушілерімен басты байланыстар орнатылды.

Кездесі 2017 жылғы сәуірдегі зерттеуді өткізуге дайындалу және апробациясын өткізу процесінде маңызды (құралдарды, рәсімдік құжаттарды, нұсқалы материалдарды аудару және бейімдеу және іріктеуді өткізу.