You are here

IEA Бас Ассамблеясы мүшелерінің 57-съезі

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 9 және 13 қазан аралығында Осло қаласында (Норвегия) IEA Бас Ассамблеясы мүшелерінің 57-съезі өтті. Кездесуде Қазақстанның атынан "АТО" АҚ президенті С.Ә.Ырсалиев және Орта білімді дамыту департаментінің менеджері А.Т.Копеева өкілдік етті.

Съездтің күн тәртібіне TIMSS-2015 қорытынды халықаралық есебін бекіту, TIMSS-2019 электронды форматын ұсыну және талқылау сияқты Қазақстан үшін маңызды сұрақтар қойылды.

IЕА PR-мамандары мен мемлекеттердің өкілдері (Жапония, АҚШ, Норвегия, ОАР, Испания) қоғаммен байланыс және ұлттық есептерді әзірлеу бойынша баяндамалар жасады.  

Съезд қатысушылары норвегиялық мектептерге барды, бұнда олар оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, съезд барысында «АТО» АҚ өкілдері IEA-мен бұдан әрі ынтымақтастық жасасудың перспективаларын талқылады.

Қазіргі таңда IEA бұл – 66 ұйымды біріктіретін және алты халықаралық салғастырмалы зерттеудің әзірлеушісі болып табылатын қауымдастық, бұл зерттеулерге әлемнің 100-ден астам білім беру жүйесі қатысады. Мемлекеттердің басым бөлігі TIMSS және PIRLS зерттеулеріне қатысады  (76 және 53).