You are here

Индикаторлар мен көрсеткіштер: мақсат жолымыз немесе біздің өтер жолымыз

Printer-friendly versionPDF version

«Образование» журналының арнайы басылымы, 2016 жылғы қазан

«Есептелмегенді есептегеннен кейін ғана қол жетпегенге қолымызды жеткізе аламыз»
Мыңжылдықтың даму мақсаттары: 2015 жылғы баяндама. БҰҰ. Нью-Йорк.

Бүгінгі таңда университеттің бәсеке қабілеттілігін не анықтайды? Әрине бұл  риторикалық сұрақ. «Бағалаушылардың» кәсіби қауымдастығы, әлбетте, халықаралық және ұлттық аккредитация агенттіктері рейтингінің критерийлерін көрсетеді. Рейтингтегі орын көптеген университеттердің визит картасы іспеттес болды. Times Higher Education британдық журнал рейтингісінің редакторы Фил Бейти «Беделді – жоғары білім саласындағы әлемдік валюта» деп атады[1].

ЖОО-ды және олардың бұндай рейтингтердегі көрсеткіштерін атау - бұл мақаланың мақсаты емес. Университеттің білім берумен қатар, ғылыми құрамдас бөлігінің бағалаудың анағұрлым басты аспектілері болып табылатынын тек белгілеп өтеміз. Кеңес Үкіметінен кейінгі ЖОО-лар үшін интернационализация және мақалаларды жариялау белсенділігі критерийлері әлі де жоғары деңгей болып саналады. Және мында ақтық сөздерді іздемеу керек. 21-ғасыр басқа басымдықтарды анықтайтынын академиялық қауымдастық түсінеді. «Әлемдік экономика интеграция және тереңдетілген өңірлік экономикалыұқ мамандандыруға қарай жылжитыны сөзсіз. Бұл қазірдің өзінде қай мемлекетте қандай да бір күрделі  өнім шыққанын айту қиын екенін білдіреді, егер көлік немесе компьютер Жапонияда жасалса, онда оның құрамдас бөліктерімен әлемнің үш ондық мемлекеті, ал оларды жасауға арналған шикізатпен  шамамен қырық ел  қамтамасыз етеді. Болашақтың қызметкерлері көптілді және көп мәдени ортада жұмыс істей алуы керек»[2].

Сондықтан жаһандық үрдістерін және уақыттың жаңа сын-қатерлерін есепке ала отырып, бағалау технологиялары келешекте төрт басты блокты ескеру керек.

Бірінші. Білім алушылардың кәсіптік және тәжірибелік дағдыларының қалыптасы деңгейінің критерийлері. Бұл теориялық білім мен тәжірибелік құзыреттерді өлшеудің жаңа құралын әзірлеуді талап етеді.

Екінші. ЖОО-ның маркетинг саясаты, соның ішінде ПОҚ-ты тарту және ұстап қалу.  Білім беру бағдарламаларының инновациялылығы және  сонылығы.  

Үшінші. Әлеуметтік инклюзия – әртүрлі жеңілдіктерді беру тәжірибесі мен студенттерді, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерімен студенттерді қолдау.

Және төртінші – студенттер үшін де, тәлімгерлер үшін де академиялық жұмысы үшін жағдай жасау. Жаңа зертханалар мен оқу кабинеттері тек берілген оқыту стандарттарын «меңгерудің» белсенді процесін ғана емес, сонымен қатар зерттеулер өткізуге және жаңалықтар ашуға ынталандырады.

Бүгінгі таңда университеттердің интегралды бағалардың «жинақ сандықшасы» дәстүрлі түрде басты тапсырыс берушілер (жұмысбеушілер) мен тұтынушылар (білім алушылар және олардың ата-аналары) сауалнамасының нәтижелерін және статистикалық параметрлерін (үлес, коэффициент, арақатынасы және т.б.) қамтиды. Сөзсіз, тәуелсіз кәсіптік бағалау университеттердің «тіршілік әрекеті» туралы ең сенімді ақпаратты ұсынуы тиіс. Статистикалық және сауалнама көрсеткіштерінің бірегей тандемін табу бұл – әрине, халықаралық және ұлттық аккредитация агенттіктері сарапшылар тобының шеберлігі.

Қазақстандық мемлекеттік жоспарлау тәжірибесінде бағыттарды және деңгейді (болжалды мәндер)  тапсырыс беруші  белгілейді. Және бұл, кейбір дәрежеде, ақталған – мемлекет жұмсалған инвестициялардың тиімділігіне мүдделі. Сонымен бірге, басқарудың бұндай иерархиясында  ЖОО бақылау позияциясын алады, өз кезегінде олар жағынан жоғары мектеп тарапынан кәсіптік бастама  қажет.

Әр кезеңде ілгерілеудің (мақсаттық индикатор) траекториясын стратегиялық тұрғыдан дұрыс анықтаса, бағыттарды (көрсеткіштерді) тактикалық кәсіби тұрғыдан пысықтаса, нәтижеге (іс-шаралар) жедел «жұмыс істесе», табысқа қол жеткізуге болады. Сірә, бұл -нәтижелерді басқарудың басты аспектілерінің бірі.

Бұл логикалық сызбада көрсеткіштерді әзірлеу және таңдау кейбір қиындықтарды тудырады. Индикативті басқарудың тәжірибесінде көрсеткіш белгіленген міндетіне қол жеткізуге бағытталуы тиіс.  Ал, мысалы, бағдарламалық құжатта белгіленген «ЖОО жалпы санынан Корпоративті басқару органдары (байқау кеңестері, қамқоршылық кеңестері және директорлар кеңестері) жұмыс істейтін ЖОО-дың үлесі» көрсеткішінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласының дамуына мониторинг жасау және менеджментін жетілдіру» міндетіне қол жеткізудегі «үлесін» бағалау мүмкін емес. Көрсеткіштің ақпараттық сипаты басым.

«БАҚ-та қаржы-шаруашылық есептерін жариялаған ЖОО үлесі» көрсеткіші тиімдірек бола алады. Және бұл мемлекеттік органдар алдындағы ресми есеп болмауы керек (қаржы қалай және қайда жұмсалды). Университеттің басқару әлеуетінің деңгейін көрсету мүмкіндігі бар – оның қатал нарықтық жағдайда өзінің дамуы үшін пайда табуға мүмкіндік беретін тағы қандай механизмдері бар. Шетелдік ЖОО тәжірибесінде жыл сайынғы қаржылық баяндамаларын қоғам басшылардың студенттер, олардың ата-аналары және оқытушылар алдындағы этикалық міндеттері ретінде қабылданады. Бұндай сындарлы тәжірибені америкалық университеттер көрсетеді. Мысалы, жеке меншік Дьюк Университеті мен Солтүстік Каролина мемлекеттік институтының көпшілік алдындағы қаржылық есептері (Chapel Hill) университеттердің веб-сайттарында қолжетімді (www.trustees.duke.edu және www.unc.edu/budget/).

Халыққа ашық ақпаратты ұсынуда қазақстандық университеттердің аз бөлігінің ғана тәжірибесі бар. Елбасымыз бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадам Ұлт жоспарында «Білім алушылар, жұмысберушілер, қоғам өкілдері мен БАҚ алдында Ұлттық ЖОО басшылары қызметінің нәтижелері туралы жыл сайын есеп беру тәжірибесін енгізу» міндетін белгіледі. Өз кезегінде, еліміздің барлық басқа ЖОО-ның бұл мәселедегі бастамасы құшақ жая қабылданатын еді. Бұндай міндеттерді білім беру саласындағы бағдарламалық құжаттармен біріктіру қонымды болар еді.

Көрсеткіштердің болжалды мәндерін анықтау да стратегиялық жоспарлаудың осал буыны болып табылады. Бұнда сарапшылар демография және көші-қон, қаржылық және басқа да тәуекелдер сияқты «ықпал етуші факторларды» есепке алады. Дегенмен, заманауи экономиканың және әлеуметтік саясаттың  мамандарды даярлау мәселелері әлі де өзекті. Статистикалық деректер еліміздің жұмыссыз халқы арасында дипломы бар мамандар үлесінің артқанын дәлелдейді. «5 жылда жоғары білім бар жұмыссыз халықтың үлесі 5%, орта кәсіптік біліммен (арнайы) 6,9% артты»[1].

Үшіншілік білімі бар (колледждер мен ЖОО) мамандарға төмен сұранысқа ие болуының бір себебі  еңбек нарығындағы үдемелі өзгерістер болуы мүмкін. «Мамандықтар да қартайып өледі. Бұл табиғи құбылыс, ол технологиялық кезеңдердің кез-келген ауысымында болады… Бірақ бұрын кезеңдердің ұзақтығы ондаған, тіпті жүздеген жылдар болса, енді олардың ұзақтығы 10-15 жылдан аспайды. Мамандықтар бір мезетте «қартаймағанымен», «зейнетке шығатындар» туралы «зейнеткердің картасын» алғаннан кейін емес, ертерек білген жақсы[2].

Әлемдік еңбек нарығын даму перспективаларымен мамандарды даярлау мәселесі туралы халықаралық сарапшылар белсенді пікір айтады. Мәскеу Стратегиялық бастамалар агенттігінің «Жаңа мамандықтар атласы» талдамалы еңбегінде Ресейдің болашақтың мамандарын даярлауды бастаған ЖОО туралы ақпарат ұсынылған. Мысалы, Н.Э.Бауман атындағы ММТУ, Мәскеу энергетика институты, МИФИ Ұлттық зерттеу ядролық университеті сияқты ЖОО-лар «Энергетика» саласының тапсырысымен «Рекуперация жүйелерінің жобалаушысы» мамандарын даярлай бастады (жылжымалы заттардың (теміржол және автомобиль көліктері, метро) артық энергиясын «ұстау» үшін технологиялық шешімдер әзірлеу).

Сондықтан көрсеткіштердің сектор аралығы стратегиялық жоспарлаудың өзекті аспектісі болды да, болады да. «ЖОО-ның мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, ЖОО-ны аяқтағаннан кейін бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан түлектерінің үлесі» сияқты мақсаттық индикаторды таңдағанда тәуекелдерді нақты сәйкестендіру және мемлекеттік органдар жауапкершілігінің өрісін үлестіру керек. Бұл барлық мүдделі тараптардың келісілген және бірлескен іс-әрекет жасауын талап етеді.

Бұл индикатор анағұрлым «шығыс» деректерді (Output) қамтиды – мемлекет (гранттар) және ата-аналар (отбасының бюджеті) үшін бұл қаржы босқа жұмсалғанын білдіреді. Бірақ ЖОО түлектері өз әлеуетін еңбек нарығында қаншалықты табысты іске асырғанын  және жұмысберушілердің олардың даярлығына қанағаттанушылық деңгейін тиімділік көрсеткішімен(Outcomes) ғана өлшеуге болады.  Мысалы, «қазақстандық бизнес-қауымдастығының 90%-ы мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін атап өтеді» (сауалнаманың қорытындылары).

Мінсіз жағдайда мемлекет гранттар арқылы ЖОО-ды қаржыландырады немесе студент ата-анасының қаржысымен N-сандық жылдар бойы оқуға төлейді. Олар көбінесе кейінге қалдырылған нәтижеге – дағды мен жеке өнімділік деңгейі жоғары сәтті мамандарға мүдделі. Бұл университеттің беделін арттырып қана қоймай, бұндай адами капитал еліміздің өркендеуі мен ұлттың әл-ауқатын алдын-ала анықтайды.  

Бәрімізге белгілі, жоғарғы мектептің бес көрсеткіші Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингінде Қазақстанның атын шығаруға өзінің «жеке» үлесін қосады. Бұл – бір статистикалық (халықты үштілік біліммен қамту (БЖХС 5, 6, 7, 8) және 4 сауалнамалық (зерттеу және білім беру қызметтерінің қолжетімділігі, білім беру жүйесінің сапасы, университеттердің және бизнестің ҒЗТКЖ саласындағы ынтымақтастығы, менеджмент мектептерінің сапасы).

ЖБИ нәтижелерін жыл сайын кәсіби қауым талқыға салады. Еске салайық, 2014 жылмен салыстырғанда ЖБИ-2015 еліміздің жоғарғы мектебінің 11 орынға ілгерілеуі тек «Зерттеу және білім беру қызметтерінің қолжетімділігі» көрсеткіші бойынша ғана тіркелді  (55-орын). «Университеттердің және бизнестің ҒЗТКЖ саласындағы ынтымақтастығы» көрсеткішінің позициясы тұрақты (88-орын).

Жоғарғы мектептің мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің дамуын қамтамасыз етудегі ролі анық. Сондықтан ЖОО-дың өзінің жаһандық міндетін анық түсінуі өте маңызды.  ЖОО даму стратегиясы бұл – мақсат жолымыз емес, бұл – біздің өтер жолымыз, - және, мүмкіндігімізше, қатесіз және шығынсыз. Және негізделген мақсаттық индикаторларды және көрсеткіштерді пайдалану ілгерілеудің шығу нүктесі болуы тиіс.

 "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ Вице-президенті

[1] http://tass.ru/obschestvo/3275675

[2] Жаңа мамандықтардың атласы. Екінші редакциясы. Стратегиялық бастамалар агенттігі. Мәскеу, 2015.

[3] ҚР білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ұлттық баяндама, 2016 жыл

[4] Жаңа мамандықтардың атласы. Екінші басылымы. Стратегиялық бастамалардың агенттігі. Мәскеу. 2015.